«Атамекен» ҰКП-ның XIV Съезі. Бизнес жағдайын өзгертетін шешімдер

25.11.2026
«Атамекен» ҰКП-ның XIV Съезі. Бизнес жағдайын өзгертетін шешімдер

Астанада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының XIV Съезі өтті. Делегаттар ҰКП-ның 2025 жылғы және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысын қарап, Палатаның жыл сайынғы есебі мен Тексеру комиссиясының 2025 жылғы жылдық есебін бекітті, сондай-ақ Төралқа құрамы мен Жарғыға өзгерістер енгізу мәселелері бойынша шешімдер қабылдады.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында бизнесті экономиканың қозғаушы күштерінің бірі ретінде белгілеп, кәсіпкерлік бастамаларды қорғау, өндірісті дамыту, инвестиция тарту және әкімшілік жүктемені азайту жөнінде міндеттер қойған болатын. Бұл күн тәртібі Съездің мазмұндық негізіне айналды.

Съезд қатысушыларына Премьер-министр Олжас Бектеновтің құттықтауын жеткізе отырып, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев сөз сөйледі.

Изображение

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев билік пен бизнестің сындарлы ынтымақтастығы әлеуметтік тұрақтылықтың берік негізін құрайтынын үнемі атап өтеді. Съезд мазмұнды диалог жүргізуге және кәсіпкерлік белсенділікті дамыту мен әкімшілік кедергілерді жою жөнінде шешімдер әзірлеуге арналған тиімді алаңға айналды», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Жиында «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаев баяндама жасады. Ол Палата жұмысының нәтижелерін таныстырып, олардың кәсіпкерлерге әкелген нақты өзгерістері туралы баяндады.

Изображение

 

Өтініштен – шешімге

2025 жылы ҰКП-ның қатысуымен кәсіпкерлердің 1 598 өтініші оң шешімін тауып, олардың құны 44,2 млрд теңге болатын құқығы қорғалды. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында құны 26,6 млрд теңге болатын тағы 835 өтініш шешімін тапты. 2025 жылы 210 сот ісі, ал 2026 жылдың алғашқы алты айында 98 сот ісі бизнестің пайдасына аяқталды.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестердің жұмысы 2025 жылы мемлекеттік органдар тарапынан 959 ұсынымның, ал 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында тағы 510 ұсынымның қолдау табуына ықпал етті. Сәйкесінше 134 және 38 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Қанат Шарлапаев Палатаның бизнесті жекелеген өтініштерді шешуден бастап заңнамаға өзгерістер енгізуге дейін барлық деңгейде қорғайтынын атап өтті.

Изображение

 

Изображение

Изображение

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелусіз және жалдамалы жұмыскерлерсіз арнаулы режим қарастырылған. Шағын бизнес үшін оңайлатылған салық салу құралдары сақталды. 2026 жылы жаңа Салық кодексін енгізу жөніндегі Жобалық кеңсе аясында тауарларды таңбалау жабдықтарына арналған шегерімдерге, факторингтік операцияларға және салық есептілігіне байланысты бірқатар мәселені шешуге қол жеткізілді.

Изображение

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнестің ұстанымын ескере отырып, Кодекске өзгерістер мен толықтырулар дайындау бойынша Үкіметпен күнделікті жұмысты жалғастыруда. Палата мен Үкімет қол жеткізілген уағдаластықтар туралы жақын арада жарияламақ.

«Бизнеске ережелердің үздіксіз өзгеруі емес, уақытты үнемдейтін нақты нормалар мен құралдар қажет», – деп атап өтті Қанат Шарлапаев.

            Инвестициялар, өндіріс және нарықтарға қолжетімділік

Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жеке басымдыққа айналды. ҰКП жалпы құны 109 млрд теңге болатын 12 жобаның мәселелерін шешуге қатысты. Палата өкілдері 17 өңірдегі 100-ден астам компанияны аралап, инвесторлар атап көрсеткен 120-дан астам кедергіні жинақтады, сондай-ақ оларды Үкімет Аппаратының қарауына жолдады. Сонымен қатар бизнесті кеңейтуге, жаңа салымдар мен инвесторлар іздеуге байланысты 2 457 әлеуетті жоба анықталды.

«МЖӘ жобаларында жекеше әріптестің меншікті қаражатының ең төменгі үлесі инвестициялардың жалпы көлемінің 20%-ынан 10%-ына дейін төмендетілді», – деді Қанат Шарлапаев.

Изображение

Изображение

 

«Мемлекет қаржысы жеке капиталды алмастырудың орнына, керісінше оны тартуға тиіс», – деп баса айтты «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы. Палата инвесторларды сүйемелдеп, жобаларды іске асыру мен өндірістерді іске қосуды тежеуі мүмкін мәселелерді жоюға көмектесті.

Отандық кәсіпорындар үшін тек инвестициялар ғана емес, өткізу нарықтарына қол жеткізу де маңызды. «Қазақстанда жасалған» бағдарламасы аясында ҰКП 67 іс-шараның 21-ін ұсынды. Өңірлерде қазақстандық өнімді ілгерілету туралы 50 меморандум жасалып, отандық тауарлар үшін сауда сөрелерінің кемінде 30%-ы қарастырылған. 2025 жылы Палата тауарлардың шығу тегі туралы 117 558 сертификат, ал 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 68 878 сертификат берді.

«Біздің міндетіміз – артық талаптарды алып тастап, отандық өндірушілерге келісімшарттарға қол жеткізуге және өткізу нарықтарына шығуға нақты мүмкіндік беру», – деп атап өтті Қанат Шарлапаев.

ҰКП ұсыныстары бойынша қазақстандық тауар өндірушілер үшін мемлекеттік сатып алуларда тауар жеткізу мерзімі 15 күннен 60 күнге дейін ұзартылды, төлем мерзімі күнтізбелік 30 күннен 10 жұмыс күніне дейін қысқартылды, ал алдын ала төлем мөлшері 30%-дан 50%-ға дейін өсті. «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуларында тапсырысты инвестициялармен және жергілікті өндірісті дамытумен байланыстыратын, соның ішінде мерзімі 20 жылға дейінгі ұзақ мерзімді офтейк-келісімшарттар дамытылуда.

Изображение

 

Изображение

Құрылыс саласында да нақты нәтижелерге қол жеткізілді. ҰКП-ның қатысуымен жаңа Құрылыс кодексінде кепілдік мерзімдеріне қатысты тәсілдер қайта қаралды. Тірек конструкциялары, шатырлар мен қасбеттер үшін он жыл кепілдік мерзімі көзделген, ал нысандарға арналған жалпы кепілдік мерзімі бес жыл болды. Сондай-ақ, өзін-өзі реттеуді дамытуға және жекеменшік компаниялардың құрылыс жобаларына қатысуын кеңейтуге бағытталған шешімдер қабылданды.

«2026 жылдың тоғыз айында ауыл шаруашылығы саласында 7,3 трлн теңгеге өнім өндіріліп, өсім 5,8% болды. Тамақ өнеркәсібінде 3,2 трлн теңгеге өнім шығарылып, өсім 13,8% болды», – деді Қанат Шарлапаев.

Бидай экспортын қолдау жеткізу географиясын 17 елден 29 елге дейін кеңейтуге және экспорт көлемін бір жарым есе арттыруға мүмкіндік берді. Сиыр етін экспорттау үшін бордақылау алаңдары қуатының ең төменгі шегін бес мыңнан 500 басқа дейін төмендеткеннен кейін экспорттаушылар саны төртеуден 35-ке дейін өсті. Мемлекеттік сатып алуларда басымдыққа ие қазақстандық өндіріс тауарларының тізбесі 3 782-ден 5 328 атауға дейін кеңейтілді.

 

Изображение

Изображение

Кәсіпкерлерге арналған цифрлық шешімдер

 «Атамекеннің» цифрлық шешімдері бизнеске жұмысқа қажетті сервистерді пайдалануға, тапсырыс берушілерді табуға және жаңа нарықтарға шығуға көмектеседі.

 Business Go жүйесінде ай сайын 3 мыңнан астам пайдаланушы тіркеледі. Платформа GreenKassa онлайн-кассасын, GreenMag тауар есебін, GreenScan акциздік маркаларды тексеру жүйесін, Tax Free сервисін және клиенттік базамен жұмыс істеуге арналған Amian құралын біріктіреді.

Atameken Business Connect кәсіпкерлерге клиенттерді, жеткізушілер мен серіктестерді табуға көмектеседі. Платформада компаниялар каталогы, маркетплейс, сатып алушылардың сұраныстары, сондай-ақ үш тілдегі жеке кабинет пен  дербес сайт қолжетімді. Жылдық есепке сәйкес, платформа 12 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісін қамтиды.

SHEBER қолөнершілерді тапсырыс берушілермен және сауда алаңдарымен байланыстырады. Бағдарлама шеберлердің жеке кабинеттері мен өнім карталарын жасауды, кәсіпкерлік және өнімді ілгерілету негіздеріне оқытуды көздейді.

SaudaHub базарларды, сауда орталықтары мен бөлшек сауда нүктелерін цифрлық басқаруға арналған. Ол интерактивті картадан сауда орнын таңдауға, ЭЦҚ арқылы шарт рәсімдеуге және жалдау ақысын онлайн төлеуге, сондай-ақ есеп пен талдауды бір кабинетте жүргізуге мүмкіндік береді.

         Өңірлер – бизнеспен тікелей диалог орнату алаңы

«Атамекен» ҰКП құрамына 20 өңірлік палата, 135 аудандық өкілдік, 20 өңірлік және 347 салалық және аудандық кеңес кіреді. Бұл инфрақұрылым Палатаның кәсіпкерлермен тікелей байланысын қамтамасыз етеді және жергілікті сұраныстарды жүйелі ұсыныстарға айналдыруға мүмкіндік береді.

ҰКП Төралқа Төрағасы барлық өңірлерге іс-сапармен барып, 94 кәсіпорынды аралады және кәсіпкерлермен 2,5 мыңға жуық кездесу өткізді. Олардың қорытындысы бойынша бизнестің 350 жүйелі және жергілікті мәселесінен тұратын тізім қалыптастырылды.

«Іскер аймақ» бағдарламасы микро және шағын бизнесті қолдаудың тиімді құралына айналды. Өңірлердегі әлеуеті көп бағыттарды айқындау үшін экономика салаларына рейтинг беру әдістемесі әзірленді, ол қызметтің 1 228 түрін, соның ішінде 83 бірегей бағытты қамтиды. 2026 жылдың он айында жалпы көлемі 45 млрд теңге болатын 688 жобаға қол қойылып, 700 млн теңге субсидия төленді.

Сондай-ақ, Палата кадрлық әлеуетті дамытуға ықпал етті. Дуалды оқытуға 11 718 кәсіпорын мен техникалық және кәсіптік білім беретін 519 ұйым қосылды. Бағдарламаларға 137 130 студент қатысуда. Дуалды оқытуды дамытудың бүкіл кезеңінде 311 мыңнан астам студент даярланып, түлектердің 85%-ы жұмысқа орналасты.

Изображение

 

 

Изображение

Келесі кезеңнің күн тәртібі

Кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйі туралы Ұлттық баяндамаға 5,5 мыңнан астам компания мен кәсіпкерлер арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері негіз болды. Зерттеуге қатысушылар бизнестің жұмысы мен даму жоспарларына әсер ететін факторларды атап өтті. Қаржыландырудың қолжетімділігіне, цифрландыруға және жасанды интеллектіні енгізуге ерекше назар аударылды.

Алынған деректер ҰКП-ның алдағы жұмыс бағыттарын – қолжетімді қаржылық және цифрлық құралдарды дамытуды, кәсіпкерлердің цифрлық құзыреттерін арттыруды және компаниялардың орнықты дамуы үшін мүмкіндіктер жасауды айқындауға көмектесті.

Изображение

 

Изображение

Делегаттар «Атамекен» ҰКП-ның 2025 жылғы және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жыл сайынғы есебін бекітіп, Тексеру комиссиясының 2025 жылғы жылдық есебін қабылдады, сондай-ақ Төралқа мен Тексеру комиссиясының құрамына қатысты мәселелерді қарап, Палата Жарғысына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қолдады. Төралқа құрамын жаңарту мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесіне көшумен және Қазақстан Республикасының Құрылтайын қалыптастырумен байланысты болды. Жарғыдағы өзгерістер Палатаның жаңартылған функцияларын және бизнестің мүддесін қорғау, отандық өндірісті қолдау, экспортты кеңейту және инвестицияларды сүйемелдеу жөніндегі жұмыс бағыттарын бекітті. Сондай-ақ, Жарғыда «Атамекен» ҰКП-ның отандық инвестициялық жобаларды ілгерілету жөніндегі функциясы жазылды.

Съезд қорытындылары «Атамекеннің» күн тәртібі кәсіпкерлердің нақты сұранысына – инвестиция салуға, өнім өндіруге, адамдарды жұмысқа қабылдауға және жаңа нарықтарға шығуға болатын жағдайлар жасауға негізделетінін растады. Бұл жұмыста Мемлекет басшысы белгілеген міндеттер іскерлік ортаны өзгертетін және бизнеске жаңа мүмкіндіктер ашатын шешімдер арқылы жүзеге асырылуда.