«Тәлімгерлік мектебі» аясында жұмыс орнында оқыту педагогикасы бойынша оқу курсы өтті
Арнайы киім өндіруге маманданған «KAZSAFETYGARMENTS» ЖШС оқу орталығының базасында «Тәлімгерлік мектебі» аясында «Жұмыс орнында оқыту педагогикасы. Тәлімгер мамандарды аттестаттау» тақырыбында екі күндік оқу курсы өткізілді.
Оқытуға «CLOTWELL» ЖШС, «ROCA» ЖШС, «NF KZ» ЖШС және «KAZSAFETYGARMENTS» ЖШС кәсіпорындарының шеберлері мен тәжірибелі жұмысшылары қатысты.
Курс барысында қатысушылар кәсіби тәжірибені тиімді жеткізу, жұмыс орнында оқытуды ұйымдастыру және жас мамандарды даярлау бойынша заманауи әдістерді меңгерді. Оқу қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға курстан өткенін растайтын сертификаттар табысталды.
«KAZSAFETYGARMENTS» ЖШС Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» жанындағы білім беру ұйымдарының тізіліміне енгізілген.
Сонымен қатар, Талғар ауданы колледждерінің әлеуметтік серіктесі болып табылатын «CLOTWELL» ЖШС-нің қызметін ерекше атап өткен жөн. Кәсіпорын болашақ мамандарды даярлауға белсенді қатысып, студенттерге өндірістік тәжірибеден өтуге және дуальды оқыту жүйесі аясында білім алуға мүмкіндік береді.
Кәсіпорындарда тәлімгерлік жүйесін дамыту – кәсіби кадрларды даярлау сапасын арттырудың маңызды тетігі. Тәжірибелі мамандар жас қызметкерлерге кәсіби дағдыларды үйретіп, алған білімдерін өндірісте қолдануға және еңбек ортасына бейімделуге көмектеседі.
Мұндай бастамалар бизнес пен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, еңбек нарығының сұранысына сай білікті мамандар даярлауға ықпал етеді.