Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат, қолөнер – кәсіпке бастар жол!
2026 жылғы 23 қарашада Бақанас ауылындағы тарихи-өлкетану музейінде Балқаш ауданы Іскер әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен шеберлік сағаты өтті.
Іс-шараға 20 кәсіпкер әйел қатысып, қазақ халқының ұлттық бас киімі – сәукеле жасау өнерімен танысты. Шеберлік сағатын Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, кәсіпкер Айгүл Бахтиярқызы жүргізді.
Шеберлік сағаты барысында қатысушылар сәукеле жасаудың ерекшеліктерін, дәстүрлі қолөнер тәсілдерін және бұйымды әзірлеудің қыр-сырын меңгерді.
Оқу қорытындысы бойынша сәукеле жасау өнерін меңгерген 6 қатысушыға Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы атынан сертификаттар табысталды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық қолөнерді дәріптеу, әйелдердің шығармашылық және кәсіпкерлік әлеуетін дамыту, сондай-ақ дәстүрлі өнерді табыс көзіне айналдыруға мүмкіндік жасау.
Мұндай бастамалар ұлттық мәдени мұраны сақтауға, әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға және ауылдық жерлерде шағын бизнестің жаңа бағыттарын дамытуға ықпал етеді.