Лисаковскіде әйел кәсіпкерлерге арналған практикалық интенсив өтті: бизнесті делегирлеуден бастап ауқымын кеңейтуге дейін

04.11.2026
Лисаковскіде әйел кәсіпкерлерге арналған практикалық интенсив өтті: бизнесті делегирлеуден бастап ауқымын кеңейтуге дейін

Лисаковск қаласында қаладағы іскер әйелдерге арналған шеберлік сабағы өтті. Іс-шара кәсіпкерлік саласындағы негізгі құзыреттерді дамытуға, тәжірибе алмасуға және жергілікті әйелдер бизнесінің өсуіне жаңа мүмкіндіктер іздеуге бағытталды.

Кездесуге арнайы шақырылған қонақтар спикерлер мен сарапшылар ретінде қатысты. Олар – «Бақытты әйелдер лигасы» ҚБ директоры, тәжірибелі журналист, әлеуметтік жобалау саласының сарапшысы әрі бизнес-тренер Ирина Федорчук және Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, кәсіпкерлік бастамаларды дамыту жөніндегі бизнес-тренер Елена Венгерская.

Шеберлік сабағының форматы қатысушыларға теориялық материалды тыңдап қана қоймай, нақты уақыт режимінде практикалық кейстерді талдауға, тәжірибе алмасуға және өз жобаларын дамыту бойынша сарапшылардан жеке ұсыныстар алуға мүмкіндік берді.

Шеберлік сабағының бағдарламасы табысты бизнесті дамытуға қажетті үш негізгі тақырыпты қамтыды: міндеттерді делегирлеу және команда қалыптастыру, сату және клиенттерді тарту, бизнесті ауқымын кеңейту стратегиясы.

 

Бүгінде әйелдер кәсіпкерлігі өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуында аса маңызды рөл атқарады. Біздің мақсатымыз – әрбір қатысушы өз ісін дамытудың жаңа мүмкіндіктерін көріп, бизнестің өсуіне қажетті нақты құралдарды ала алатын қолдаушы орта қалыптастыру, – деп атап өтті Ирина Федорчук.

 

Кәсіпкерлер іс-шараның практикалық маңыздылығын жоғары бағалады. Олардың айтуынша, алынған білім мен нақты кейстерді талдау өз жобаларын басқаруға жаңаша көзқараспен қарауға және жаңа шешімдерді жақын арада тәжірибеде қолдануға көмектеседі.