Ұлытауда «Ұлттық киім – ұлт бейнесі» республикалық фестиваль-көрмесі өтті
Ұлытау облысында «Ұлттық киім – ұлт бейнесі» республикалық фестиваль-көрмесі өтті.
Ұлытау облысында ұлттық киімді дәріптеуге арналған «Ұлттық киім – ұлт бейнесі» республикалық фестиваль-көрмесі өтті. Фестиваль ұлттық киімді кеңінен насихаттауға, сондай-ақ отандық дизайнерлер мен халық қолөнері шеберлеріне қолдау көрсетуге бағытталды.
Іс-шара аясында журналист, танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт «Ұлттық құндылықтар және әйелдің жеке шекарасы: сұлулық, қадір-қасиет, қауіпсіздік» тақырыбында баяндама жасады.Сонымен қатар, ол «Көлеңке 115-1» атты кітабын таныстырды.
Сән көрсетілімінде отандық дизайнерлердің ұлттық киім топтамалары көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар Ұлытау облысының креаторлары – Жібек Өмірханқызы мен «LEBIZ» брендінің негізін қалаушы Арайлым Есембекова өз туындыларын таныстырды.
Көрме-жәрмеңкеге Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының Палатаның Өңірлік кеңесінің мүшелері мен Әйелдер кәсіпкерлігінің салааралық кеңесінің мүшелері, " Бір ауыл – бір өнім" жобасының қатысушылары және өңірдің креативті индустрия өкілдері қатысты. Олар ұлттық киім үлгілерін, күмістен жасалған әшекей бұйымдарды, жібек орамалдарды, киізден жасалған бұйымдар мен сәндік-қолданбалы өнер туындыларын ұсынды.
Іс-шара ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге, ұлттық мұраны сақтауға және өңірдегі креативті индустрияның дамуына ықпал етті.


