ҚХР қазақстандық бизнес үшін бірқатар шектеуді алып тастайды – Ұлттық палата

14.09.2022
ҚХР қазақстандық бизнес үшін бірқатар шектеуді алып тастайды – Ұлттық палата

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бүгін Қазақстан астанасында өткен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің келіссөздерінің қорытындысын жоғары бағалады. Кездесуде 10 құжатқа, соның ішінде мемлекеттер басшыларының бірлескен мәлімдемесіне қол қойылды. ҰКП мамандары қазіргі геосаяси жағдайда қол жеткізілген уағдаластықтардың маңызын атап өтті. Қазақстан тарапы үшін бұл шаралар экспортты және Қытайдың ішкі нарығына қолжетімділікті оңайлатады, ал Қытай тарапы үшін еуропалық елдермен сауда жасау үшін баламалы маршрутты ұсынады.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бүгін Қазақстан астанасында өткен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің келіссөздерінің қорытындысын жоғары бағалады. Кездесуде 10 құжатқа, соның ішінде мемлекеттер басшыларының бірлескен мәлімдемесіне қол қойылды. ҰКП мамандары қазіргі геосаяси жағдайда қол жеткізілген уағдаластықтардың маңызын атап өтті. Қазақстан тарапы үшін бұл шаралар экспортты және Қытайдың ішкі нарығына қолжетімділікті оңайлатады, ал Қытай тарапы үшін еуропалық елдермен сауда жасау үшін баламалы маршрутты ұсынады.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Сақуов Қытайдың CGTN жаһандық телевизиялық желісіне, Қытайдың Орталық телевизиясының халықаралық медиа ұйымына (CCTV) берген сұхбатында Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы жаңа деңгейге шығатынын және отандық бизнес үшін кооперация мен инвестициялар тартуға қосымша мүмкіндіктер ашылатынын атап өтті.

 «Он келісім – екі үкімет арасындағы бірлескен, тиянақты жұмыстың нәтижесі. Бұл жұмысқа «Атамекен» ҰКП да қатысты. Атап айтқанда, кедергілер, көлікке қойылатын артық талаптарды, қазақстандық бизнес үшін экспорт немесе өзара сауда бөлігінде санитариялық, ветеринариялық бақылау саласындағы талаптарды алып тастауды көздейтін осындай ірі құжаттарды келісуге қатысты. Қазақстандық бизнес шикізат, өңделген өнім, дәнді дақылдар, ұн, етті де экспорттайды. Соңғы бірнеше жылда қайта өңдеу саласының бірқатар өнімі бойынша біз Қытай нарығына кіре алмай датырмыз. Бұл елдің ішкі талаптары бар, мысалы, дәнді дақылдар немесе ұнды қалай тасымалдауға болады, қай контейнерде, қай платформада болатынына қатысты.Сондықтан, бұл талаптар қозғалды және біздің позициямызды ескере отырып, азайтылды немесе алынып тасталды. Қазақстандық бизнес үшін бұл кедергілер жойылды. Көлік, логистика саласында келісімдер қабылданды. Біріншіден, бұл келісімдер Еуропаға экспорттайтын Қытай үшін қызықты. Қазір Украина мен Ресей арасындағы жағдайға байланысты олар қайта қаралып жатыр. Біздің Транскаспий дәлізіміз Қытай үшін  тартымды болып отыр. Осы дәліз бойынша 2022 жылдың 8 айында тасымалдау көлемі өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге ұлғайды, 1,3 млн тонна жүк тасымалданды. Тұтастай алғанда, қазақстандық өнімнің Қытайға экспорты жеңілдетіледі және Қытай өнімінің Қазақстан арқылы Еуропаға экспорты ұлғайтылады. Өзара мүдделілік бар», – деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Сақуов.

Фото: «Атамекен» ҰКП баспасөз қызметі

«Атамекен» ҰКП Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының өзара мүддесінің үш бағытын атады: ауыл шаруашылығын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі; шикізат секторындағы, ең алдымен энергетикадағы ынтымақтастық: мұнай, газ, жасыл энергетикада талап етілетін сирек жер элементтерін, түсті металдар мен элементтерді өндірумен байланысты өндіруші сектор. Үшінші блок ретінде белгілі бір дәстүрлі транзиттік бағыттарда шамадан тыс жүктеме туындаған цифрландыру мен көлік саласын белгілеуге болады.

ҚХР Төрағасы сапарының қорытындысы бойынша 10 құжатқа қол қойылды. Мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесінен басқа, ҚР АШМ мен ҚХР Бас кеден басқармасы арасында АӨК саласында: Қазақстаннан Қытайға экспортталатын сүт өнімдері, зығыр және жүн шикізатына қойылатын инспекциялық, карантиндік және ветеринариялық-санитариялық талаптар бойынша хаттамаларға қол қойылды. Сондай-ақ, екі елдің кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпарат алмасудың техникалық ерекшелігіне қол қойылды.

Үкіметтер арасында азаматтық әуе кемелерін құтқару және авиациялық іздестіру саласындағы ынтымақтастық туралы және қазақстандық тарапқа Қытай суперкомпьютерін ұсыну жобасы бойынша келісімдерге қол қойылды. «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын ұштастыру және «Жібек жолының экономикалық белдеуін» салу жөніндегі ынтымақтастық жоспарын іске асыру туралы меморандумдар; ҚР сауда және интеграция министрлігі мен ҚХР Коммерция министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; Қазақстан Қаржы министрлігі мен ҚХР Бас кеден басқармасы арасындағы зияткерлік меншік құқықтарын шекара маңы саласында ынтымақтастықты нығайту жөніндегі меморандумға қол қойылды.

 Қазақстан пандемия басталғаннан кейін ҚХР лидері мемлекеттік сапармен келген алғашқы ел болды.