«Бір ауыл – бір өнім»: Түркістанда жүн бұйымдарын өндіру бойынша оқыту басталды

08.12.2024
«Бір ауыл – бір өнім»: Түркістанда жүн бұйымдарын өндіру бойынша оқыту басталды

Бүгін Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында оффлайн оқыту шарасының алғашқы күні өтті. Шараның тақырыбы — «Жүннен жасалған бұйымдарды өндіру». Іс-шараға тоқыма өнері және…

Бүгін Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында оффлайн оқыту шарасының алғашқы күні өтті. Шараның тақырыбы — «Жүннен жасалған бұйымдарды өндіру».

Іс-шараға тоқыма өнері және жүннен жасалған бұйымдарды өндіру саласында танымал маман Айжан Беккулова қатысты. Ол қатысушыларға өзінің шеберлігі мен тәжірибесін ортаға салды.

Оқытуға 2023-2024 жылдардағы жоба финалистері қатысты. Олар жергілікті шикізатты тиімді пайдаланып, өнімдерді өндіру және нарыққа шығару жолдарын үйренді. Бұл шара ауылдық кәсіпкерлікті дамытуға және жергілікті өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.