«Жаңа қала» шаруа қожалығы» ЖШС қарқынды даму жолында

20.07.2022
«Жаңа қала» шаруа қожалығы» ЖШС қарқынды даму жолында

Павлодар облысында іскер адамдар көп.
Павлодар облысы Жаңа қала ауылындағы  «Жаңа қала» шаруа қожалығы» ЖШС-да 60 адам еңбек етеді.
Шаруашылықта 2302 бас ірі қара: 679 сауын сиыр, 10 939 гектар жер, соның ішінде 6201 гектар егістік алқап бар.
Қожалық 400 басқа арналған 2 бұзау қашарын салуды жоспарлап қойған.
«Биыл 600 басқа шақталған сүтті-тауарлы ферма, бұзау қора мен сұйық қиді сақтауға арналған қойма салынған», – деді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов.
Шаруа қожалығы мал шаруашылығы кешеніне ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарды сатып алды, атап айтқанда: тіркеме араластырғыш, «Siloking TrailedLine Classic Duo 16» жем таратқыш, «Беларус 1523» дөңгелекті трактор, түрлі қондырғалары бар «Manitou MLT-X» телескоптық тиегіш, «XERION 4500 TRAC», дөңгелекті трактор, «XERION 4500 TRAC» культиваторы, «Sprinter 12 HD» тұқым егетін машина, «BIG X 480» сүрлем жинау комбайны, «EasyCollect 750» жемшөп жинау комбайнына аспалы тіркеме, «Rick-Up EasyFlow 300s» жемшөп жинау комбайнына аспалы тіркеме, УПС-8А әмбебап пневматикалық тұқым сепкіш, КСКП-2, 1х5 себу кешені ,КДФ-4 екі қабатты шөп шабатын машина, ГВВ-6,0 ОМ тырма-қопарғыш, «Vaideman» тиегіші, роторлы шөп шапқыш, «AVAGRO» бүріккіші, сауу-сүт блогына арналған қора жабдығы, 500 басқа арналған сиыр қорасы және басқа да көптеген техника.