Қарағанды облысының әйелдері бизнестің цифрлық салаларын зерделеуде

26.01.2023
Қарағанды облысының әйелдері бизнестің цифрлық салаларын зерделеуде

Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасында өңірдің іскер әйелдер кеңесі әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағыттарын талқылады.

Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасында өңірдің іскер әйелдер кеңесі әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағыттарын талқылады. Іс-шараға облыстың түкпір-түкпірінен 30-дан астам адам қатысты, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Әзиза Шужеева бас спикер болды.
Кездесу мемлекеттік органдармен және бизнес-қоғамдастықпен әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша басым мәселелер мен ұсынымдарды талқылау үшін ұйымдастырылды.
Кездесу барысында спикер кәсіпкерлерге қазақстандық және шетелдік маркетплейстерге шығу ерекшеліктерін түсіндірді. Бұл бизнесті дамыту үшін қол жетімді перспективалы бағыттардың бірі екенің атап өтті. 


"Кәсіпкер әйелдерге дәстүрлі офлайн-бизнесті (қызмет көрсету саласы, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала) цифрлық платформаларға да жүктеуі қажет. Қазір бізде FinTech, medtech, edutech белсенді дамып келеді, бұл әйелдер жақсы жүзеге асыра алатын салалар. Біз бұған баса назар аударамыз", — дейді Азиза.


Өз сөзінде Азиза Тимуровна әйелдер кәсіпкерлігі, электрондық коммерция туралы өз пікірімен бөлісті және өзекті сұрақтарға жауап беріп, бизнесті маркетплейске көшіру бойынша бірқатар кейстерді талдай отырып, өз мысалдарын келтірді.
Қарағанды облысының іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Гүлия Жәңгірова атап өткендей, бүгінде біздің қоғамдастықта технологиялық стартапты дамытумен айналысатын және шағын және орта бизнесте цифрлық жобаларды дамытатын әйелдер бар.
Әйелдер көшбасшылығы және әйел үшін қоғамға пайдалы болу деген нені білдіретіні туралы өз пікірімен әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның мүшесі, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Рымбала Омарбекова бөлісті.
Кездесуді кеңесші Арайлым Серікбай қорытындылады. Оның айтуынша, Қарағанды облысында 2022 жылы мыңнан астам әйел өз ісін бастап немесе бизнесін кеңейте алды. Бұған оларға өңірлік кәсіпкерлер палатасының әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы көмектесті. Сонымен қатар, мамандар бизнестің ағымдағы жағдайына баға берді. Менторлық сүйемелдеу болды.
Форумға қатысушылар өндірісте және қоғамдық салада айтарлықтай жетістіктерге жеткен замандастарының түрлі тарихын қуана тыңдады. Олардың қатарында облыстың табысты кәсіпкерлері Гүлжан Мақаналина, Айжан Қиясова, Марина Бошель, Эльмира Маликова, Марина Шиллер, Гүлмира Абдуллаева бар.
Бұдан әрі кәсіпкер әйелдер Қарағанды облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның қатысушылары болды.