ХОРВАТИЯ БИЗНЕСІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САУДА ПАЛАТАСЫМЕН ІСКЕРЛІК ҚАТЫНАСТАРДЫ ДАМЫТУҒА ДАЙЫН
Қазақстан Сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов басқарған қазақстандық делегация Қазақстан-Хорват бизнес-форумы мен Іскерлік кеңестің I отырысын ұйымдастыруға белсенді қатысты
Екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық қатынастар тұрақты деңгейді сақтайды. Бұдан басқа, сол қатынастардың одан әрі өсетін мүмкіндігі бар. Делегация басшысы М. Қарымсақовтың өзі атап өткендей, сыртқы сауда палатасы өзара тиімді жаңа іскерлік қатынастарды бастайтын алаңға айналуы мүмкін.
.jpg)
Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ақылбек Камалдиновтың айтуынша, «Сыртқы сауда палатасы мен Қазақстандық ұлттық компаниялар басшылығының Хорватия Премьер - Министрі А.Пленковичпен кең ауқымды келіссөздері экономиканың басым салаларында бірлескен жобаларды ілгерілетуге өзара қызығушылықтың бар екендігін көрсетті. Іс-шараға қатысушылар екіжақты ынтымақтастықтың барлық салалары бойынша өзара іс-қимылды одан әрі арттыруға дайын екендігін растады».
Сондай-ақ, елші Қазақстанның өзекті міндеттерін шешу және Хорватиямен бірлескен жобаларды дамыту үшін Іскерлік кеңес жұмысы шеңберінде палатамен одан әрі ынтымақтастыққа үміт білдірді.