Нарықты бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қалай жедел толықтыруға болады – бизнес ұсыныстары

21.03.2022
Нарықты бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қалай жедел толықтыруға болады – бизнес ұсыныстары

21 наурызда Үкімет жанындағы дағдарысқа қарсы жедел штабтың отырысында отандық нарықты бірінші қажеттіліктегі тұтыну тауарларымен толықтыру мәселесі талқыланды.

21 наурызда Үкімет жанындағы дағдарысқа қарсы жедел штабтың отырысында отандық нарықты бірінші қажеттіліктегі тұтыну тауарларымен толықтыру мәселесі талқыланды.

Тұрмыстық химия және техника сынды тауарлар елімізге дәстүрлі түрде импортталады. Бұған дейін мұндай өнім түрлері Қазақстанға ірі әлемдік өндірушілердің өңірлік өкілдіктері арқылы Ресейден тасымалданатын. Алайда санкциялық қысым жағдайында көптеген компания (Проктер энд Гэмбл, Марс және басқа да компаниялар) РФ нарығынан кетті. Енді осы тауарларды жеткізу үшін қазақстандық импорттаушылар тікелей өндірушілерге жүгініп жатыр.

 Қазіргі кезде елге тауарларды жеткізу мерзімі логистикалық тізбектердің үзілуі және жеткізу маршруттарының өзгеруі салдарынан ұзарып кетті. Бірінші қажеттіліктегі тауарларға сұраныс ішінара отандық өндірістегі тауарлармен өтелуі мүмкін. Алайда қалған өнімдер бойынша нарықты шұғыл толтықтыру жөнінде шаралар қабылдау қажет.

 «Бірінші кезекте елімізде өндіріс көлемі аз немесе мүлде жоқ тауарлардың тізімін анықтап алу қажет. Осы тауарлардың тапшылығын болдырмау үшін біз тауарларды сертификаттау және таңбалау бойынша техникалық регламент талаптарын жеңілдетуді ұсындық. Белгіленген мерзім аяқталған соң немесе жағдай тұрақтанған кезде өнімді елге әкелуге қойылатын бұрынғы талаптардың барлығы қайтарылатын болады», –  деп атап өтті «Атамекен» ҰКП мамандары.