KazanForum: Ертіс бойымен Зайсанға дейін жүк тасымалдануы мүмкін
Қазанда 14-19 мамыр аралығында «Ресей – Ислам әлемі: KazanForum» XV Халықаралық экономикалық форумы өтті. Форумға әлемнің 80 елінен 20 мыңнан астам өкіл қатысты. Халықаралық жиында қазақстандық делегацияны ҚР премьер-министрінің орынбасары…
Қазанда 14-19 мамыр аралығында «Ресей – Ислам әлемі: KazanForum» XV Халықаралық экономикалық форумы өтті.
Форумға әлемнің 80 елінен 20 мыңнан астам өкіл қатысты. Халықаралық жиында қазақстандық делегацияны ҚР премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин бастап барды. Делегация құрамында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов, көлік, сауда және интеграция министрліктері және басқа ведомстволардың өкілдері болды.
Бұл форум сауда қатынастары, тікелей шетелдік инвестиция, ислам қаржы жүйесінің мәселелерін талқылау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған алаң болды.
KazanForum 2024 іскерлік бағдарламасының негізгі тақырыптары халықаралық ынтымақтастық, исламдық қаржы және инвестиция, халал индустрия, ғылым және технология, инфрақұрылымдық даму, туризм және мәдениет болды.
.jpg)
Айта кетейік, KazanForum-да Қазақстан мен Ресей «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізін дамыту үшін жол төсеуде күш біріктіруге келісті.
Сондай-ақ, тараптар Шүлбі ГЭС-сі екінші кезегін салу, Ертіс суын пайдалану бойынша мастер жоспарын құру және басқа да мәселелерді талқылады.
«Біз қазір қытайлық серіктестерімізге Ресеймен мультимодальды маршрутты, Ертіс арқылы Зайсанға дейін өзенде жүк тасымалдау, өзенмент кемемен жүзуді ұсындық. Содан кейін теміржол көлігімен жіберуге болады. Әуекомпаниялардың Қазақстанға қосымша рейстері туралы мәселе туындады. Менің ойымша, ол да шешілді. Біз Түркістанға рейстер ашуды сұрап отырмыз», - деді Серік Жұманғарин.
Сондай-ақ, форум алаңында Ресей мен Қазақстан вице-премьерлерінің екіжақты кездесуі өтті. Кездесу екі ел бизнесінің өзекті мәселелерін талқылауға арналды.
Басты нәтиже қант жеткізу бойынша жаңа келісім болды. Қазақстандық делегацияның басшысы Серік Жұманғарин Ресейден қант экспортына квотаның қосымша 100 мың тоннаға арттыруды алдын ала келісіп алды. Енді шешімді бекіту процедуралары болады деп күтілуде.
Еске салсақ, қазіргі кезде Ресейден өант экспортына тыйым қойылған. Қазақстандық квота 120 мың тоннаны құрайды.
Кездесуде қабылданған шешім Қазақстан нарығын арзан өніммен қамтамасыз етеді, сондай-ақ тосап, компот жабу науқанында осы өнімнің тапшылығын болдырмайды.
Бұдан басқа кездесуде Ресейден Қазақстанға орман өнімдерін шығаруға арналған өткізу пунктері санын арттыру жайы талқыланды. Қазіргі кезде шекарада автомобильдер өте алатын 30 пунктің небәрі алтауынан ғана жүріп өтуге рұқсат. Өткізу пунктерінің шектеулі саны салдарынан 2021 жылмен салыстырғанда 2023 жылы орман өнімдері импортының көлемі 11 пайызға төмендеген.
Қазан қаласында өткен кездесу қорытындысы бойынша Ресей тарапы Қазақстанға орман өнімдерін шығару үшін Қостанай облысында «Обаған» және «Аят», Ақтөбе облысында «Әлімбет», Батыс Қазақстан облысында «Сырым» сияқты төрт өткізу пунктін белгілеу мәселесін пысықтауға уәде етті.