Павлодарлық «Атамекен» туралы пікірлер қоржыны: стоматологиялық емхананың бизнес-жобасы табысты іске асырылды
Павлодар облысының кәсіпкерлер Палатасына қалалық стоматологиялық емхана директоры Алла Деркачтың алғыс хаты келіп түсті.
Павлодар облысының кәсіпкерлер Палатасына қалалық стоматологиялық емхана директоры Алла Деркачтың алғыс хаты келіп түсті.
Медициналық ұйымның басшысы «Атамекен» ӨКП-ға, Палата директоры Ерқанат Әбеновке бизнес-идеяларды жүзеге асыруға көмектескені үшін алғыс айтады.
"Біз менеджер-консультант Кучерук Наталья Валерьевнаға кәсіби тұрғыда атқарған жұмысы үшін жеке алғысымызды білдіреміз. Біз 2024 жылдың қыркүйегінде оған бизнес-жоспарларды әзірлеуде көмек сұрадық. Барлық кезеңде - техникалық тапсырманы толтырудан бастап дайын бизнес-жоспарға толықтырулар енгізгенге дейін - Наталья Валерьевна бізге сауатты кеңес беріп, біз үшін күрделі мәселелерді шешуге көмектесті. Жоба қысқа мерзімде сәтті қаржыландырылып, іске асырылғанын атап өткіміз келеді", - деп жазды "Қалалық стоматологиялық емхана "ММ директоры Алла Деркач.