Шаруа қожалығына субсидияларды қайтару міндеттелуде

10.10.2024
Шаруа қожалығына субсидияларды қайтару міндеттелуде

Шаруа қожалығына субсидияларды қайтару міндеттелуде

Кәсіпкер өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды сұрайды.

ШҚО кәсіпкерлер палатасында ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қатысуымен аталған мәселені талқылау бойынша жұмыс кездесуі өтті.

Техникалық қатенің кесірінен кәсіпкер құжаттарды толық жинамаған.

Енді ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы инвестициялық субсидиялар алу үшін берілген өтінімге сәйкес шығыстардың бір бөлігін өтеуді талап етеді.

Бірақ ведомство ұсынылған құжаттарға тиісті тексеру жүргізбеген.

«Қаражат қайтарылған жағдайда шаруа қожалығының басшысы өтінімді қайта бере алмайды және қаражатсыз қалады», - делінді ШҚО кәсіпкерлер палатасында.

Талқылау қорытындысы бойынша ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы шаруа қожалығына барып, техникаға тексеру жүргізілетінін жеткізді.