Кәсіпкерлік палата қызметкерлері мен кәсіпкерлер сенбілік жұмыстарын атқарды

28.08.2024
Кәсіпкерлік палата қызметкерлері мен кәсіпкерлер сенбілік жұмыстарын атқарды

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен мекеме қызметкерлері және өңір кәсіпкерлері кезекті рет сенбілікке шықты.  «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында аудан-қалалардағы бизнес өкілдері кәсіпорын аумақтарын абаттандыруда белсенділік танытты. Облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Санат Сапарбайдың айтуынша, барлығымыз тазалық жұмыстарына мән берсек, өскелең ұрпаққа үлгі боларымыз анық. Сондықтан, кез-келген жұмыс орындары мен кәсіпорындардың айналасын қоқыстан тазартудың маңыздылығы орасан. Экоакциясы бір күнмен шектелмейді, облыс көлеміндегі кәсіп иелері алдағы аптада тағы да сенбілік жұмыстарын жалғастыруға ниетті.