«11 млрд теңге». Алматыда кәсіпкер хабарлаған залалдың жоғары сомасы

11.01.2022
 «11 млрд теңге». Алматыда кәсіпкер хабарлаған залалдың жоғары сомасы

6 қаңтардан бастап Ұлттық кәсіпкерлер палатасының байланыс орталығы мародерлар шабуылынан зардап шеккендердің шағымдарын қабылдайды. Бүгінгі таңда келтірілген залалдың шамамен сомасы 95 млрд теңгеден асты, бұл зардап шеккен бизнестің 1500-ден астам субъекті. Олардың ішінде: Duty free – 850 млн, Кселл – 1 млрд 200 млн, Promenade сауда орталығы – 3 млрд, қару-жарақ дүкені – 10 млрд  теңге.

6 қаңтардан бастап Ұлттық кәсіпкерлер палатасының байланыс орталығы мародерлар шабуылынан зардап шеккендердің шағымдарын қабылдайды. Бүгінгі таңда келтірілген залалдың шамамен сомасы 95 млрд теңгеден асты, бұл зардап шеккен бизнестің 1500-ден астам субъекті. Олардың ішінде: Duty free – 850 млн, Кселл – 1 млрд 200 млн, Promenade сауда орталығы – 3 млрд, қару-жарақ дүкені – 10 млрд  теңге.

Зардап шеккен бизнестің басым көпшілігі Алматыда тіркелген – 1408 кәсіпкер: Кәсіпкерлер шабуыл жасалған кезінде ҰКП 1432 нөміріне тікелей қоңырау шалды.  

Шағымдардың басым бөлігі шағын және орта бизнес өкілдерінен түскен. Атап айтқанда, сауда нысандарына тонаушылар басып кіріп, киім, аяқ киім, тері бұйымдары, азық-түлік, алкоголь сусындары, балалар қоларбалары, касса аппараттары, төлем терминалдарын алып кеткен. Сауда нысандары бүлініп, терезе әйнектері мен есіктері сынған. Мұндай дүкендердегі келтірілген залал сомасы 200 мыңнан бірнеше млн теңгеге дейін жетеді. Бұдан бөлек, жеке дүкендерден қайырымдылық жәшіктері де ұрланған.  

 Алматыдан көмек сұрап хабарласқан кәсіпкер айтқан ең аз сома 25 мың теңгені құрайды. Оның дүкенінде қабырға бүлініп, кіреберіс есік сынған.

 «Алтын орда» базары маңында мародерлар мандарин және алкоголь өнімдері тиелген екі жүк көлігін қиратқан. Дүкеннің бірінде бұзақылар 10 млн теңге сомасына шай мен бал өнімдерін өртеп жіберген. «Сити центр» сауда үйінде киім бутиктерінен бөлек, 10 млн теңгеге дәрумендер мен қоспаларды алып кеткен. Бұдан бөлек Алматыда бұзақылар 4 дәріханаға баса көктеп кірген. Келтірілген залал есептеліп жатыр, алайда дәріханаларда қымбат тұратын дәрі-дәрімектердің қолды болғаны хабарланды. «ФармаКом» ЖШС дәріханасы өртеніп кеткен.

 Оңтүстік астанада ең көп зардап шеккен нысандар – зергерлік дүкендер мен автомобиль салондары. Қарақшылар машиналардың бір бөлігін ұрлап, қалған техниканы сындырып, әйнегін шағып, сатуға жарамсыз күйге келтірді. Тағы бір зардап шеккен сектор – ТЖО саласы. Онда шабуылдаушылар, алматылықтар жөндеуге қалдырған көліктерді қиратқан. «Алматы электротранс» ЖШС-да бірден 24 автобусы пен 2 троллейбусы зақымдалған.  Шымкентте «Шымкент T BUS» компаниясының 100 млн теңгеге 3 автобусы өртеніп кеткен.

Желілік дүкендердің шығыны үлкен. «Спорт мастер» ЖШС-ның 25 дүкені 3 млрд теңгені құрайтын сомаға тоналған. Сонымен қатар бұзақылар Magnum желісінің 12 дүкенін тонаған, залалдың болжамды сомасы – 10 млрд теңге. «Технодом оператор» АҚ желісінің 14 дүкені тоналған, соның ішінде Талдықорған қаласындағы дүкеннен 5,5 млрд теңгеге зат ұрланды. Сондай-ақ мародерлар шабуылына «Сулпак» дүкендері мен «Alser» желісінің 6 дүкені ұшырады, залал мөлшері – 600 млн теңгеден асады. Алматы қаласындағы «Мәскеу» сауда-ойын-сауық орталығының кәсіпкерлері 11 млрд теңгеге шығынға ұшырады, СОО-ға зергерлік әшекейлер, заттар, тұрмыстық техникасы бар бөлімдер тоналған. «Мечта маркет» ЖШС екі рет тоналған, мародерлар екінші рет 7 қаңтарда бұзылған дүкенге кіріп, қалған заттарды қолды еткен. Тонаудан кейін келтірілген шығынның жалпы сомасы 13 млн теңгені құрады.

Орталық әмбебап дүкенінде (ЦУМ) 50 бутик, «Променад» сауда үйінде 86 бутик тоналған, бұл нысандардың иелері келтірілген шығын сомасын әзірге есептей алмай жатыр.  

 Сондай-ақ, мародерлар БАҚ нысандарына да жеткен. Атап айтқанда, Республика алаңындағы «Қазақстан» және «Азия» телерадиокомпаниялары олардың кеңселеріне шабуыл жасалып, жалпы шығын сомасы 100 млн теңге болғанын хабарлады.

ҰКП-ға бірден 3 банк – «Сбербанк», RBK Банкі және Фридом финанс олардың банкоматтары мен бөлімшелерін тонағаны туралы хабарлама жіберді.

 «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлерді келтірілген залалды бағалау үшін өз объектілерін суретке және бейнежазбаға түсіріп, тіркеп алуға шақырады.

 Сондай-ақ, өз нысандарыңыз және келтірілген залал туралы деректерді біздің  1432 нөмірі бойынша байланыс орталығымызда қалдыруыңызды сұраймыз, барлық деректер зардап шеккен бизнес тізіліміне енгізіледі.