«Атамекен» ҰКП алаңында OTP.kz электрондық сауда алаңының таныстырылымы өтті
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында 2025 жылғы 18 желтоқсанда электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуды жүргізуге арналған OTP.kz жаңа электрондық сауда алаңының тұсаукесері өтті. Іс-шараға бизнестің 30-дан астам өкілдері қатысты.…
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуды жүргізуге арналған OTP.kz жаңа электрондық сауда алаңының тұсаукесері өтті.
Іс-шараға бизнестің 30-дан астам өкілдері қатысты. Тұсаукесер барысында платформаның функционалдық мүмкіндіктері, тіркеу ерекшеліктері, сондай-ақ сатып алу рәсімдеріне қатысу тәртібі көрсетілді.
Меншік иесі «KZ Trade Market» ЖШС болып табылатын OTP.kz электрондық сауда алаңы электрондық сауда алаңдарына қойылатын талаптарға сәйкестік сынақтарынан сәтті өтті және 2025 жылғы 5 қарашадан бастап электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуды жүргізу үшін қосылды. Алаң қазақстандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған.
Электрондық сауда алаңының мүмкіндіктерімен https://otp.kz ресми сайтта танысуға және тіркеуден өтуге болады.
Іс-шара қорытындысы бойынша бизнестің жаңа электрондық сауда алаңының мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру және отандық өндірушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын кеңейту мақсатында оқыту іс-шараларын, оның ішінде өңірлердің өкілдері үшін одан әрі өткізу жоспарланып отырғаны айтылды.