Қауіпті өнім тізілімін құру отандық өнімді ЕАЭО нарығынан ығыстыруы мүмкін – Ұлттық палата

20.02.2023
Қауіпті өнім тізілімін құру отандық өнімді ЕАЭО нарығынан ығыстыруы мүмкін – Ұлттық палата

ЕАЭО шеңберінде «Қауіпті өнім» ақпараттық тізілімін құру ұсынылып отыр. ҰКП мамандары мұндай тізілімге болмашы кемшілігі бар кез келген өнім енуі мүмкін деп алаңдайды. Бұл тізілімді барлық бақылаушы орган толтыратынын ескерсек, қазақстандық өнімнің қара тізімге ену қаупі еселене түседі. Тізілімге еніп кеткен өндіруші өнімнің қаупі жоқ екенін кейін растаса да, өнімнің «қара тізімде» болғаны туралы дерек интернетте қалып қояды. Брендтің беделіне нұқсан келтіреді. Отандық өнімге төнуі мүмкін қауіп туралы толығырақ «Атамекен» ҰКП Техникалық реттеу департаментінің директоры Жазира Шүйкебаева айтып берді.

 Өнімнің қауіптілігі туралы ақпараттық тізілім: кім толтырады?

«Жақында Қазақстан  ЕАЭО техникалық регламенттері талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырудың қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімді ратификациялады. Осы келісімде «Қауіпті өнім туралы» ақпараттандыру тізілімін құру қарастырылған. Бұл шара ЕАЭО мүше елдерінің бақылаушы органдарына біздің өнімді кез келген кемшілікпен тізілімге енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде бес елде техникалық регламенттердің сақталуын бақылаушы органдардың саны 20-дан 25 органға дейін жетеді», – деп атап өтті Жазира Шүйкебаева.

«Қауіпті өнім» ұғымы даулы мәселе: ҰКП мамандары оны «Өнімнің сәйкес келмеуі» деп алмастыруды ұсынды

ЕАЭО, соның ішінде Қазақстанның құқықтық базасында техникалық регламенттердің талаптарын кез келген бұзушылық қолданысқа сәйкес келмейтін өнім шығару ретінде жіктеледі. «Қауіпті» және «сәйкес келмейтін» деген екі ұғым бірдей емес. Ұлттық палата сарапшылары тізілімнің «Қауіпті өнім» атауын «Сәйкес келмейтін өнім туралы ақпараттандыру» деген атауға өзгерту қажет деп санайды. Бұл шара Одақ құқығы, жауапкершілікті тағайындау және одан әрі репутациялық қатер тұрғысынан дұрыс шешім болады.

Қоғамда қауіпті өнім қатарына улы, токсинді, радиактивті немесе жарылғыш заттар жатқызылады.

Осы заттармен бір қатарға техникалық регламенттерді бұзу бойынша кез келген өнімді (азық-түлік, киім, тұрмыстық химия және т.б.) қоюға болмайды.

Егер өнімді таңбалау бойынша бұзушылық болса, мысалы өнім құрамы оның майлылығы, ет көлемі, қанты мөлшері немесе басқа заты қаптамасындағы көрсетілген деңгейге сәйкес келмейтін болса, онда мұндай өнім «сәйкес келмейтін» өнім болып жіктеледі. Өнім «қауіпті» өнім қатарында жатқызылмауы керек.

«Мәселен, тамақ өнімі дүкеннің тоңазытқышы дұрыс істемегеннен бүлінуі мүмкін немесе қандай да бір дүкен мерзімі өткен тауарды сатуы да мүмкін. Осындай жағдай Қазақстаннан тыс жерде де орын алуы ықтимал. Бірақ мұндай жағдайда өндірушінің кінәсі жоқ. Ал ЕАЭО шарасының аясында ол «Қауіпті өнім» тізіліміне енуі мүмкін. Яғнм, мұндай жағдайда брендтің бүкіл тауарын «қауіпті өнімге» жатқызу артық болады», – деді Жазира Шүйкебаева.  

 Қазақстан Келісімге өзгеріс енгізу бойынша бастама көтерді 

«Өткен жылдың қарашысында Ұлттық палата мамандары Келісімдегі «Қауіпті өнім» дегенді «Сәйкес келмейтін өнім» деген атауға өзгерту туралы бастама көтерді. Үкімет бізді қолдады, ұсынысымыз Еуразиялық экономикалық комиссияға жіберілді. Қазіргі кезде ұсынысты ЕАЭО-ға қатысушы елдер қарап жатыр. Біз бірінші кезекте келісімге өзгеріс енгізуіміз керек. Содан кейін ғана ақпараттық тізілімді құрып, жүргізуге кірісуіміз керек. Шетелдік серіктестермен келіссөздер жүргізу оңай емес, көбі бірнеше жылға созылады. Бірақ, біз қол қусырып отырған жоқпыз, ең бастысы ел ішінде  бастамамызды барлық мемлекеттік орган мен Үкімет қолдады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады, одаққа мүше елдер оң жауап береді деген үміттенеміз», – деп қорытындылады Жазира Шүйкебаева.