Жаңа Салық кодексінде шағын бизнеске салық салу талаптары қайта қаралады
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында салық салу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Жиын барысында жаңа Салық кодексі шеңберінде арнайы салық режимдерін реформалау тәсілдері талқыланды. ҰКП мемлекеттік органдар тарапынан нақты позиция әзірленуіне қарай Ұлттық палата мамандары салық заңнамасындағы болжамды өзгерістерді бизнеске жеткізу үшін министрліктердің өкілдерін шақыратынын атап өтті.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында салық салу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Жиын барысында жаңа Салық кодексі шеңберінде арнайы салық режимдерін реформалау тәсілдері талқыланды. ҰКП мемлекеттік органдар тарапынан нақты позиция әзірленуіне қарай Ұлттық палата мамандары салық заңнамасындағы болжамды өзгерістерді бизнеске жеткізу үшін министрліктердің өкілдерін шақыратынын атап өтті.
Қазақстанның тәуелсіз бизнес одағының басшысы Берік Хаиров шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдерін реформалауға қатысты өз ойын айтты. Өз презентациясында спикер салық салудың арнайы режимдерінің артықшылығы және кемшіліктері қалай жұмыс істейтінін көрсетті, сондай-ақ оның пікірінше, ШОБ үшін ең өзекті режимдерді қазіргі қалыпта сақтаған дұрыс.
Қатысушылар жалпыға бірдей декларациялау және «көлеңкелі» бизнестің үлесін төмендету бойынша мемлекет жүргізіп жатқан жұмыс аясында өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін режимді реформалау мәселесі бойынша пікір алмасты.
«Адамдарда арнайы салық режимін қолданудың түбегейлі қарапайым тәсілі болуы керек... Қазіргі кезде қолданыстағы салық режимдері тым күрделі, халықтың 100%-нда салық декларациясын толтыру үшін қажетті бухгалтерлік білім жоқ... Мысалы, қарапайым адамдар туралы айтпағанда, маған режимдер, есептеулерді білу қиын. Кәсіпкерлер өзін тамақтандырып, салықтық есептіліктің қитұрқы формаларын толтыруы керек», – деді Қазақстанның тікелей сату қауымдастығының атқарушы директоры Анастасия Калашникова.
Сондай-ақ, кәсіпкерлер үшін оңайлатылған декларация түріндегі арнайы салық режимін сақтау мәселесі өзекті. Берік Хаиров бұл режимді сақтауды ұсынды, бірақ пысықталған форматта.
«Жеңілдетілген декларацияны үстеме бағасы аз кәсіпкерлер үшін аралық режим ретінде қалдыруды ұсынамыз. Оңайлатылған декларацияның салық режимінің болуы келесі кезеңмен – бөлшек салық режимімен бірге кәсіпкерлердің бизнесті бөлшектеуге деген ынтасын айтарлықтай төмендетеді», – деді спикер.
Айта кету керек, жиын барысында кәсіпкерлер бөлшек салық режимін қолдануға болатын қызмет түрлері бойынша ЭҚЖЖ тізіміне қосымша ЭҚЖЖ енгізу, ҚҚС шегі және т. б. сияқты бірқатар мәселені көтерді.
«Атамекен» ҰКП жанындағы салық салу мәселелері жөніндегі жұмыс тобы арнайы салық режимін реформалау бойынша шоғырландырылған ұсыныстар әзірлеуді жалғастырады. Барлық ниет білдіруші салық заңнамасын жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын мына электрон поштаға жібере алады: info@atameken.kz.