Еңбек министрлігінің жаңа ережесі бизнеске түсетін қаржылық жүктемені арттырды

21.06.2022
Еңбек министрлігінің жаңа ережесі бизнеске түсетін қаржылық жүктемені арттырды

2022 жылғы наурызда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіптік тәуекел қаупі кластары бойынша салаларды қайта бөлу ережесін енгізді. Кәсіпкерлер бұл өсімді негізсіз деп санайды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жаңа ереженің қолданылуын тоқтата тұруды талап етпек.

2022 жылғы наурызда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіптік тәуекел қаупі кластары бойынша салаларды қайта бөлу ережесін енгізді. Кәсіпкерлер бұл өсімді негізсіз деп санайды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жаңа ереженің қолданылуын тоқтата тұруды талап етпек.

Бұл бұйрық сақтандыру жарналарының өсуіне әкеп соқты. Енді кәсіптік тәуекел қаупінің класы өндірісте орын алған жазатайым жағдайлар санына емес жұмыскерлер санына байланысты болады. Кәсіптік тәуекел қаупінің барлығы 22 класы бар.

 Рудный қаласындағы «Лидер-2010» ЖШС кәсіпорнында 250 адам еңбек етеді. Компания сүт өндірумен айналысады. 2021 жылы кәсіпорынның ЭҚТЖЖ 10511 – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне арналған сақтандыру тарифі  жылдық еңбекақы төлеу қорының 0,52%-ын құраған болатын. Кластарды қайта бөлуден кейін 2,54% болды. Бұл кәсіпорынның 5-кластан 21-класқа ауысуына байланысты. Ал 21 класс – қауіпті кластардың бірі.

 «Біз әлеуметтік маңызы бар өнім шығарамыз, бағаларды өсірмеуге тырысып жатырмыз. Кез келген кәсіпорын секілді бізде де кәсіптік тәуекел қауіптері бар. Соңғы 10 жылда ешқандай жазатайым оқиғалар болмады, біз жауапкершілікті сақтандырып келдік. Компаниямыз өнімін облыс аумағында ғана емес бүкіл Қазақстан бойынша сатып, Ресейге де экспортайды. Енді бізге белгісіз себептерге байланысты Еңбек министрлігінің бұйрығымен сүт өнімдерін өндірушілер саласы жоғары тарифтермен жоғары кәсіптік тәуекел класына жатқызылды» –деп атап өтті «Лидер-2010» ЖШС заң бөлімінің бастығы Арман Молдағозин.

 Тура осындай жағдай жолаушылар тасымалында да орын алған, онда тариф 230-250%-ға жоғарылады. Қарағанды облысының автокөлік кәсіпорындары қауымдастығы бұйрық шыққаннан кейін қауымдастық мүшелері арасында сауалнама жүргізді. Мәселен, 198 адам саны бар автопаркте сақтандыру сомасы 246%-ға өсіп, тәуекел қаупінің 10-класы бойынша 3 062 400 теңгенің орнына енді 22-класс бойынша 10 565 600 теңгені құрады. Басқа кәсіпорын өткен жылы 10-класс бойынша 5 501 249 теңге төлесе, жаңа сома бірден 18 504 171 теңгені құрады.

 «Біздің қауымдастық құқықтық сараптама жүргізді, онда қандай НҚА сақталмаған, бірақ мұндай бұйрықты шығаруда міндетті екені көрсетілген. Сонымен қатар, біз облыстың статистика департаментімен байланысып, экономика салалары бойынша жазатайым оқиғалардың статистикалық деректерін нақтыладық. Мұндай есептер жоқ болып шықты», – деді облыстың автокөлік кәсіпорындары қауымдастығының директоры Айнитдин Буралкин.

 Кәсіпкерлер жаңа тарифтерді белгілеуде қолданылған әдісті егжей-тегжей зерттеуді, сондай-ақ белгілі бір кәсіпорындардың қызметі расымен жоғары тәуекелге жататынын түсіну үшін жазатайым оқиғаларға талдау жасауды талап етті.

 «Біз ҰКП ретінде бұған қарсы ескертулер бердік, ұсыныстарымызды айттық, алайда олар ескерусіз қалды. Бұдан басқа наурызға дейін сақтандыру жарналарын төлеп қойған кәсіпорындар енді қосымша төлем жасауы тиіс. Бұл жағы түсініксіз», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП атқарушы хатшысы Нұрлан Сақуов.

 Ұлттық палата бұл мәселені Үкімет деңгейіне шығарып, сондай-ақ ережелердің қолданылуын тоқтата тұруды талап ететін болады.