Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа"сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдауды бастау туралы
Кұрметті кәсіпкерлер!
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысу үшін өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
«Алтын сапа» сыйлығы – ұйымның өнім және/немесе қызмет сапасы саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізгені, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткені, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудың жоғары тиімді әдістерін енгізгені үшін конкурстық негізде беріледі.
Конкурсқа ҚР аумағында тауарлар өндірумен, қызметтер көрсетумен айналысатын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар қатыса алады.
Байқауда «Үздік индустриялық жоба», «Үздік инновациялық жоба» арнайы сыйлықтары тағайындалады.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер 2024 жылғы 1 шілдеге дейін www.altynsapa.kz сайтында қабылданады.