«Бір ауыл – бір өнім» республикалық көрмесінде сатып алынған нан өніміне қатысты жағдай жөнінде ресми мәлімдеме

17.11.2025
 «Бір ауыл – бір өнім» республикалық көрмесінде сатып алынған нан өніміне қатысты жағдай жөнінде ресми мәлімдеме

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Қазмедиа» ғимаратында өткен «Бір ауыл – бір өнім» республикалық көрмесінде сатып алынған нан өнімінің ішінде бөгде зат табылғаны туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қатысты алаңдаушылық білдіреді.

«Атамекен» ҰКП Палата қатысуымен өтетін барлық іс-шараларда ұсынылатын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігіне аса мән береді. Сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП ешқандай өнім өндірмейтінін және сатумен айналыспайтынын, алайда көрме алаңдарында кәсіпкерлердің жобалары мен бастамаларын таныстыруға қолдау көрсететінін ерекше атап өту қажет.

Айта кетсек, ауыл кәсіпкерлерін қолдау мақсатында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2023 жылдан бастап Жапон тарапының қолдауымен Қазақстанда «Бір ауыл – бір өнім» (БАБӨ) жобасын ауқымды көлемде іске асырып жатыр. Жоба барысында жүздеген ауылдық өндірушілер өз брендтерін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және өңірлік экономиканы нығайтуға мүмкіндік алды. Бүгінде БАБӨ – тәжірибе алмасу, оқыту, жергілікті өнімді насихаттау және экспорттық әлеуетті кеңейту алаңы. Жоба өңірлік брендтердің дамуына және ауылдық аймақтардың әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

Жоба аясында «Атамекен» ҰКП тарапынан келесі іс-шаралар жүзеге асырылады:

  • Өңірлік палаталар мен жұмыс топтары қатысушыларға тұрақты мониторинг жүргізеді;
  • Финалистер салалық сарапшылар мен технологтардан кеңес алады;
  • Өнімдердің санитарлық нормаларға, сертификаттау талаптарына және сапа стандарттарына сәйкестігі тексеріледі;
  • Өнімді ішкі және сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша қолдау көрсетіледі;
  • Барлық финалистер өнімді сертификаттау мен таңбалауға қажетті құжаттарды дайындаудан өтеді;
  • Санитарлық нормалар мен технологиялық стандарттарды сақтау бойынша ұсынымдар алады;
  • Нарыққа шығудың міндетті шарттарының бірі болып табылатын сапа стандарттарын енгізу бойынша оқудан өтеді.

 

Қазір «Атамекен» ҰКП аталған жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.