Алматы қаласы бойынша Өңірлік кеңестің алғашқы мүшелері анықталды
Бекітілген кесте бойынша бірінші болып туризм жөніндегі салалық Кеңестің мүшелері дауыс берді. Кеңесте екі квота бар.
Бекітілген кесте бойынша бірінші болып туризм жөніндегі салалық Кеңестің мүшелері дауыс берді. Кеңесте екі квота бар.
Сайлауалды дайындық қорытындысы бойынша туризм жөніндегі салалық Кеңес атынан екі кандидат тіркелді. Кеңес мүшелері жабық түрде дауыс беру форматын таңдады. ӨКП директорының м.а. Жанна Мурзакулова кворумның жиналғанын жариялап, сайлау өткізу тәртібін түсіндірді.
Сайлаушыларға толтырылған бюллетеньдерді салалық кеңестің кандидаттары және аккредиттелген қауымдастықтардың кандидаттары бойынша бөлек жәшіктерге түсіру ұсынылды.
.jpg)
.jpg)

Дауыс беру рәсімі аяқталғаннан кейін бірден аймақтық сайлау комиссиясы есеп жүргізді. Нәтижесінде, туризм жөніндегі кеңестен бірауыздан «Smart Football» ЖШС басқарушы директоры Мақсат Сәкенұлы Қиқымов және «SKYWAY LTD» ЖШС директоры Әсем Бекетқызы Қозбағарова сайланды.
.jpg)
Аймақтық сайлау комиссиясы аккредиттелген қауымдастықтардан кандидаттарды науқан аяқталғаннан кейін жариялайды, өйткені оларды барлық 10 салалық кеңестің мүшелері сайлайды.

Байқаушылар сайлау заң аясында, бұзушылықсыз процестің толық бейнежазбасымен өткенін атап өтті.