Павлодарлық кәсіпорындар Астанадағы "Қазақстанның үздік тауары" көрмесіне қатысып жатыр
Отандық бизнес арасындағы беделді байқаудың осы кезеңіне "Атамекен" Павлодар палатасы сегіз қатысушыны іріктеп алды.
Отандық бизнес арасындағы беделді байқаудың осы кезеңіне "Атамекен" Павлодар палатасы сегіз қатысушыны іріктеп алды.

"Қазақстанның үздік тауары - 2023" байқауында өз өнімдерін Қазақстанның астанасында ұсынуға лайық болған павлодарлық компаниялардың қатарында " Песчан механикалық жөндеу зауыты" ЖШС, "Turkey PVL" ЖШС, "Айберг ПВ" ЖШС, "Мерусар и К" ЖШС, "Молком-Павлодар" ЖШС,"Қазэнергокабель" АҚ, "Рубиком" кәсіпорны ЖШС, "ECO City Pavlodar" ЖК.

"Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-байқауы 27-28 қазанда Астананың "EXPO" халықаралық көрме орталығында өтеді. Елорда тұрғындары мен қала қонақтарына 180 компанияның кәсіпкерлері өздерінің үздік тауарларын - "Қазақстанның үздік тауары" көрме-байқауы өңірлік кезеңдерінің жеңімпаздарын ұсынады.
