Астанада «Қазақстандық қамту 2.0» алғашқы халықаралық форумы өтеді
16 қарашада Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Қазақстандық қамту 2.0» бірінші халықаралық форумы өтеді.
16 қарашада Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Қазақстандық қамту 2.0» бірінші халықаралық форумы өтеді.
Қазақстанның жер қойнауын пайдаланушылары елішілік құндылықты дамыту бойынша жаңа тәсілдерді ұсынады, нақты экономика салаларының қажеттіліктері үшін ТЖҚ өндірісін оқшаулауды дамыту жөніндегі пайым айтылады, ал халықаралық инвесторлар мен сарапшылар таукен-металлургия кешеніндегі (бұдан әрі – ТМК) қазақстандық қамту үлесін арттыру жөніндегі пәрменді шешімдерді әзірлеу үшін тәжірибесімен бөліседі. Отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімін құру, CT-KZ сертификатын реформалау, реттелетін сатып алу саласындағы заңнама, ТМК саласын дамыту, көлік, энергетика сынды сабақтас салалардағы өзекті тақырыптар талқыланады.
Форум алаңында жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуы бойынша жаңа цифрлық аналитикалық алаңның таныстырылымы өтеді. Атап айтқанда, алаң ТМК кәсіпорындарының ТЖҚ-ға өзекті сұранысына мониторинг жүргізуге және тау-кен секторының қажеттіліктеріне өнім шығаруға дайын отандық өндірушілерді іздеуге мүмкіндік береді. Жүйені әзірлеуді «Атамекен» ҰКП ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен, тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарымен және отандық тауар өндірушілермен бірлесіп жүргізуде. Ұсынылған механизм жұмысының алғашқы нәтижелерін форумда таныстыру жоспарланып отыр.
Спикерлер ретінде «Атамекен»ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов, Fortescue Metals Group Директорлар кеңесінің төрағасы Эндрю Форрест, «Xcalibur Multiphysics» бас директоры Андрес Бланко, «Rio tinto» бас директоры Якоб Стаусхольм, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ Басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев қатысады.
Іс-шара шеңберінде цифрлық көрме өткізу жоспарлануда, онда жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындар мен ОТӨ-нің ағымдағы және жаңа жобалары таныстырылады, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар мен жергілікті өндірушілердің өндірістік қуаттарын кеңейту жөніндегі жоспарлар жария етіледі. Форумның практикалық нәтижелерінің бірі ҚР Үкіметі мен ҰКП ұсынған ТМК саласындағы жаңа тәсілдерді ескере отырып ұзақ мерзімді негізде меморандумдар мен келісімдерге қол қою болмақ.
Форум көптеген диалог алаңдарын ашады және B2B және G2B кездесулерін қамтиды. Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 2000-ға жуық делегат қатысады деп күтілуде.
Форум өтетін орын: Астана қаласы Сауран көшесі 44, Expo конгресс орталығы.
Уақыты: сағат 10.00. Тіркелу: сағат 09.00
Сайтқа сілтеме: www.klmf2023.kz
Форум ұйымдастырушылары – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ.
Бас серіктестер: «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, «Казцинк» ЖШС, «Еуразиялық топ» ЖШС, «KAZ Minerals Management» ЖШС, KPMG.