InfoKazakhstan сайтында 266 кәсіпкер залалды өтеу туралы өтінім жүктеді
Кәсіпкерлер тәртіпсіздіктерден келтірілген залалды өтеу туралы өтініштерін жүктеп жатыр. «Атамекен» ҰКП деректеріне сәйкес, 2022 жылғы 24 қаңтардағы жағдай бойынша 266 кәсіпкер құжаттарды InfoKazakhstan.kz сайтына жүктей бастаған.

Бұл залал туралы Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының, сондай-ақ Алматы және Батыс Қазақстан облыстарының кәсіпкерлері мәлімдеді.
69 кәсіпкердің өтінішіне электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қойылып, өңірлік комиссияның қарауына жіберілді. Қалған 197 өтініш ЭЦҚ-ға қол қойылғанға дейін түзетілуі және қажетті құжаттармен толықтырылуы мүмкін.
Еске салайық, залалды өтеу туралы өтінішті Өңірлік комиссиялар 5 күнтізбелік күн ішінде қарайды. Мақұлдаған жағдайда ұсынылған мәліметтер мен құжаттар негізінде өңірлік комиссия айқындайтын мөлшерде қаражат бөлу туралы шешім шығарылады.
Қаражат өтініш берушіге тиісті шешім қабылданған күннен бастап 1 ай ішінде Қазақстан Республикасының Бюджеттік рәсімдеріне сәйкес мүлік иесінің өтінішінде көрсетілген есеп айырысу немесе карточкалық шотқа аударылады.
«INFOKAZAKHSTAN.KZ ПЛАТФОРМАСЫНДА ҚАЛАЙ ӨТІНІШ БЕРУ КЕРЕК» НҰСҚАУЛЫҒЫ