Сот төрағасы Павлодарлық «Атамекенде» кәсіпкерлерге кеңес беруді жоспарлап отыр

02.06.2023
Сот төрағасы Павлодарлық «Атамекенде» кәсіпкерлерге кеңес беруді жоспарлап отыр

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасында 8 маусымда сағат 10.00-ден 11.00-ге дейін мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы кәсіпкерлік субъектілеріне сот өндірісін ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес беруді жоспарлап отыр.

Іс-шара сот пен Палата арасында қол қойылған меморандум аясында өтеді.
Бұл кездесудің егжей-тегжейін «Атамекен» ӨКП-ның кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бөлімінен мына телефондар арқылы білуге болады: 8/7182/660311 (ішкі. 5551), 87762067179.

«Сонымен қатар Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында құқық қолдану тәжірибесін зерделеу және түсіндіру бойынша жоспарланып отырған тұрақты семинарлар, «дөңгелек үстелдер» аясында МАӘС судьяларымен кездесуге болады», - деп атап өтті «Атамекен» ӨКП-ында.