Либералды тәсіл және «бәсекелестіктің болмауы»
«Атамекен» ҰКП Төралқасының Логистика және тасымалдау комитеті тасымалдау процесіне қатысушылар үшін темір жол көлігін дамытудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасын талқылады. Бағдарламаға артылған үміт көп. Еліміздегі мүдделі қауымдастықтар мен одақтар төрағаларының…
«Атамекен» ҰКП Төралқасының Логистика және тасымалдау комитеті тасымалдау процесіне қатысушылар үшін темір жол көлігін дамытудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасын талқылады. Бағдарламаға артылған үміт көп. Еліміздегі мүдделі қауымдастықтар мен одақтар төрағаларының қатысуымен өткен отырыс барысында бағдарлама жобасына бірнеше өзгеріс мен ұсыныстар енгізу керегі айтылды.
ҚР Көлік министрлігі Мемлекет басшысының хаттамалық тапсырмасын орындай отырып, жүйелігі жоқ (мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаты емес, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарының тізбесінде көрсетілмеген, басқа құжаттармен байланысы жоқ, оның ішінде 2030 жылға дейін көліктік-логистикалық әлеуетті дамыту тұжырымдамасы) және жүйенің иерархиясында төмен деңгейдегі жаңа форматтағы құжатты әзірледі. Бірақ оны толық көлемде де, тіпті ішінара да іске асыру мүмкін емес.
Талқыланып жатқан құжат мынадай негізгі міндеттерді шешуге бағдарланған – сала субъектілеріне реттеуші жүктемені азайту, теміржол көлігінде инвестиция мен кәсіпкерлік бастаманы тарту, сектордың негізгі міндеттерін шешу және тасымалдау қызметінде одан әрі бәсекелестік ортаны құру. Кездесуге қатысушылар бағдарламаның тапсырмаға сәйкес келмейтіні туралы пікірлерін ҚР Көлік министрлігі мен Үкіметке жіберу туралы шешім қабылдады.
Спикерлер Бағдарламаның біржақты екенін айтты.
«Қате екені анық көрінеді. Құжаттың өзі Үкімет бекіткен принциптерге сәйкес құрылмаған, сондықтан біз пікір білдірдік. Үкіметке көмектесу керек, егер министрлік ұсынысты қабылдауға дайын болса, талқылау үшін топ құру қажет», - деп атап өтті «Атамекен» ҰКП темір жол көлігі жөніндегі қосалқы комитетінің төрағасы, «Қазақстан вагондар (контейнерлер) тасымалдаушылары мен операторларының қауымдастығы» және «ҚР Ұлттық экспедиторлар қауымдастығы» байқау кеңесінің төрағасы Илья Сегал.
Жиынға қатысушылар Теміржол және су көлігі комитетінің құрамында бөлімше құруды орынсыз деп санайды. Орган олардың тікелей бағыныштылығында екенін ескере отырып, бөлімшенің қызметін бағалау мүмкіндігі әлі де сақталуы керек.
Қатысушылар құжатты іске асыру қорытындысы бойынша экспедиторлық және операторлық бизнестің жай-күйн де ойлады.
«Олар қалай дамитын болады: ҚТЖ-экспресс арқылы, бірыңғай цифрлық терезе арқылы ма? Жоқ, барлық оператор үшін бірдей қолжетімділік жасала ма?», - деп атап өтті Ұлттық экспедиторлар қауымдастығының бас директоры Мұхамбет Сәбетов.
«Сонымен қатар тасымалдауды басқаруды ұйымдастырудың өзі де түсініксіз. Құжат күшіне енген кезде тасымал күрделене түсе ме, жеңілдей ма? Сосын теміржолда тарифтердің қандай деңгейі болатыны түсініксіз. Үшінші мәселе – экспедиторлар мен операторлардің жағдайы не болады?, - деді ол.
Сонымен қатар, құжат халықаралық тәжірибені, теміржол тасымалы нарықтары ырықтандырудың әлемдік тәжірибесін және бәсекелестікті ынталандыру механизмдерін тиісті түрде талдауды қамтымаған. Сараптама жоқ. Отырысқа қатысушылар цифрландыру және жасанды интеллекті қолдану мәселелерін атап өтті. Бұл технологияларды қазіргі кезде елемеуге болмайды.
Елде осы сектордың дамуына тиімді құжаттарын жасау және қандай да бір революциялық жолмен қозғалу үшін жағдай жасалған. Осыған байланысты бүгінде нарықта ірі операторлар тарапынан тұрақты пойыздарды қалыптастырудың жақсы тәжірибесі қалыптасты. Көліктік-логистикалық орталықтардың қуаттары дамыды, жылжымалы құрам мен операторлар тұрақты маршруттарды қалыптастыруға дайын», - деп атап өтті «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлікшілер одағы төралқа төрағасының орынбасары Юрий Лавриненко.
«Бұл бағытты дамыту керек, мүмкіндік те бар. Ол үшін ҚТЖ шешуі тиіс міндеттерді белгілеу қажет. Қызмет пен тасымалдау процесін одан әрі заңдастырудың айқын жолы және жылжымалы құрам операторларының қызмет келешегі қазірдің өзінде айқын көрінеді. Бағдарламалар кемшіліктерінің ішінен ұлттық тасымалдаушының белгіленбеген құқығын атап өткім келеді. Ұлттық тасымалдаушыға қатысты дұрыс емес мотивация оны бастамаларды дамытуға емес, керісінше нарыққа қысым жасауға ынталандырады. Бұл шұғыл түрде түзетілуі керек жайт», - деп атап өтті спикер.
«Қазақстан жүк теміржол тасымалдаушыларының қауымдастығы» өзін-өзі реттейтін ұйымының» бас директоры Рамия Сараеваның пікірінше, құжатта жеке кәсіпкерлік субъектілері мен жеке инвесторлардың теміржол көлігін одан әрі дамыту үдерістеріне қатысуының рөлі мен механизмі, жылжымалы құрамды жаңарту мерзімдері де түсініксіз.
Бұған дейін «Атамекен» ҰКП Логистика және тасымалдау комитетінің төрағасы Бақытбек Қадыров мемлекеттік жоспарлаудың стратегиялық құжаты ретінде теміржол көлігін дамыту бағдарламасының маңызын атап өткен.
«Бірақ Қазақстанда кез-келген бағдарлама және кез-келген құрылысты әзірлеу кезіндегі ең маңызды аспект – бұл жеке KPI-дің болуы. Демек, жолдардың құрылысын, осы саланың дамуын қамтамасыз ету. Егер біз негізге алатын қатаң реттелетін құжат болмаса, осы аталған межелерге қалай қол жеткіземіз? Нәтижесінде бізде тарифтердің өсуі басталуы мүмкін, бұл ретте оларға нарықтық жағдайларға баға белгілеуді теңестіру тетігі қолданылмайды және біз қолда бар нарықтарды жоғалтатын боламыз», - деп атап өтті төраға.
Спикердің айтуынша, Төралқа комитетінің қатысушылары қойюы керек мақсат – бағдарламаны толықтыру емес, оны асыра бағалау болуы қажет. Жиынға қатысушылар Теміржол көлігін дамыту жөніндегі бағдарламадан Кешенді даму жоспарын құру туралы ұсыныс жасады. Сонымен қатар, құжатты кезеңдерге бөліп, биылдан бастап 2025-2030 жылдарға ысыру ұсынылды. Өйткені енгізілетін ұсыныстарды белгіленген мерзімде іске асыру мүмкін болмайды.
Айтылған ұсыныстарды Қазақстан қауымдастықтары мен одақтарының өкілдері бірауыздан қолдады. «Тасымалдау процесінің барлық қатысушысы, көлік компаниялары, операторлар мен экспедиторлар бұл істегі рөлі мен орнын көруі тиіс», - деп атап өтті қатысушылар.
«ҚР Көлік министрлігі құжаттың жаңа форматына өз бетінше бастамашылық етті. Бұл құжат жүйесіз (мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаты емес, оның құжаттар тізбесінде көрсетілмеген, 2030 жылға дейінгі көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасын қоса алғанда, ҮБК құжаттарымен байланысы жоқ) және жүйедегі құжаттар иерархиясындағы төмен деңгейде. Оны толық көлемде де, тіпті ішінара да іске асыру мүмкін болмайды», - деп атап өтті «Атамекен» ҰКП Президумының төрағасы.
Кездесуді қорытындылай келе, Төралқаның логистика және тасымалдау комитетінің төрағасы хатты Министрліктің атына емес, құжатты жоғары деңгейде бекіту қажеттілігі туралы Үкіметке жолдауды ұсынды.
«Бағдарламалық құжаттарды үкімет қабылдауы тиіс, содан кейін Министрлік ҚТЖ және нарықтың барлық қатысушыларымен бірлесіп, барлық экономиканың мүддечін ескере отырып, т/ж саласын дамытудың шарттарын егжей- тегжей пысықтап, жаңа кезеңін енгізетін шығар», - деп аяқтады комитет төрағасы.