Президент кәсіпкерлермен кездесіп жатыр

12.09.2023
Президент кәсіпкерлермен кездесіп жатыр

Қазір Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын, орта және ірі бизнес өкілдерімен кездесіп жатыр.

Қазір Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын, орта және ірі бизнес өкілдерімен кездесіп жатыр.

Мұндай кездесу жыл сайын өтеді. Биыл оған туризм, агроөнеркәсіп кешені, логистика, IT, өңдеу өнеркәсібі және басқа салалардан 200-ге жуық кәсіпкер жиналды. Бизнес қордаланған мәселелері мен ұсынысын айтады.

«Атамекен» ҰКП төралқасының төрағасы Райымбек Баталов Президентке Қазақстанда кәсіпкерлік ортаны дамыту үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын, сонымен қатар инвестициялық жобалар, мемлекеттік сатып алулар мен офтейк-келісімшарттарды дамыту саласында Үкіметпен бірлесіп қандай жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын баяндайды.

Сонымен қатар, кездесуге құзыретті мемлекеттік органдардың басшылары қатысып жатыр.