Алматы қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының жанынан креативті индустриялар және IT жөніндегі кеңес құрылуда

26.09.2024
Алматы қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының жанынан креативті индустриялар және IT жөніндегі кеңес құрылуда

Құрметті Алматы қаласының кәсіпкерлері!

Бизнес-қоғамдастықтың мемлекеттік билік органдарымен тиімді өзара іс-қимылы мақсатында, сондай-ақ бизнес субъектілерінің міндеттері мен проблемаларын шешу және оларды дамыту үшін Алматы қаласының Кәсіпкерлер Палатасы жанынан креативті индустриялар және IT жөніндегі кеңесін құру туралы хабарлайды.

Құрметті Алматы қаласының кәсіпкерлері!

Бизнес-қоғамдастықтың мемлекеттік билік органдарымен тиімді өзара іс-қимылы мақсатында, сондай-ақ бизнес субъектілерінің міндеттері мен проблемаларын шешу және оларды дамыту үшін Алматы қаласының Кәсіпкерлер Палатасы жанынан креативті индустриялар және IT жөніндегі кеңес құрылуда.

Кеңестің негізгі міндеттері:

1. Проблемалық мәселелерді анықтау және шешу;

2. Бизнес құқықтарын қорғау және қабылданатын НҚА сараптамасы;

3. Саланы дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу;

4. Бизнестің құзыреттілігін арттыру.

Кәсіпкерлердің салалық кеңесінің мүшелігіне үміткерлерінің келесі құжаттары болуы тиіс:

1) еркін нысандағы (сала санаты көрсетілген) өтініші;

2) кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің/мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі;

З) үміткердің түйіндемесі немесе өмірбаяндық деректер (фотосуретпен);

4) үміткердің жеке куәлігінің көшірмесі;

5) кәсіпкерлік субъектісінің қатысушылары туралы белгіленген нысандағы анықтама (тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама не Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісінен анықтама (тек Акционерлік қоғамдар үшін);

6) беру мерзімі күнтізбелік 10 күннен аспайтын соттылығының жоқ/бар екендігі туралы анықтама.

Кеңеске мүше болуға өтінімдерді aitima@inbox.ru электрондық поштаға, немесе  +7 705 389 00 33 – Айгерім номеріне жолдай аласыз: