Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасында бизнеске кадрлар даярлау мәселелері талқыланды

02.11.2022
Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасында бизнеске кадрлар даярлау мәселелері талқыланды

«Атамекен» ӨКП алаңында жұмыс берушілер мен Павлодар қаласының жұмыспен қамту орталығы өкілдерінің, сондай-ақ колледждер мен оқу орталықтары басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті.

Жиынға қатысушыларға жұмыспен қамту мәселелері бойынша келесі мемлекеттік қолдау шаралары: кәсіпкерлік субъектілері үшін мамандарды қысқа мерзімді оқыту және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ұлттық жоба аясында өндірісте оқыту туралы айтылды.