Мәжіліске Салық кодексінің жобасы ұсынылды

29.08.2024
Мәжіліске Салық кодексінің жобасы ұсынылды

Бүгін Парламент Мәжілісінің қарауына «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі). Кодекс жобасы мен ілеспе заң жобасы ұсынылды.

Жаңа Салық кодексі Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында әзірленді. Мемлекеттік органдармен келіссөздердің нәтижесінде Салық кодексінің жобасында ҚҚС-тың қолданыстағы ставкісін 12% деңгейінде сақтауға және өңдеуші кәсіпорындар үшін КТС мөлшерлемесін екі есеге (заңды тұлғалар үшін 10% және жеке кәсіпкерлер үшін 5%) төмендетуге мүмкіндік туды. Алкоголь өнімдерін сатуға лицензияны пайдаланғаны үшін жыл сайынғы төлемді және сыртқы жарнама үшін төлемді алып тастауға қатысты іскерлік ұсыныстар да қолдау тапты. 

Нормативтік құқықтық актілердің толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады...