Палатаның бастамасымен кәсіпкерлерге салық салу мәселелері түсіндірілді

03.03.2023
Палатаның бастамасымен кәсіпкерлерге салық салу мәселелері түсіндірілді

Палатаның бастамасымен кәсіпкерлерге салық салу мәселелері түсіндірілді

Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы бизнес субъектілері салық органдарының қызметшілерінен кеңес алған ашық есік күнін ұйымдастырды. Келушілер санын көбірек қамту үшін шара Халыққа қызмет көрсету орталығында өтті.

Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы бизнес субъектілері салық органдарының қызметшілерінен кеңес алған ашық есік күнін ұйымдастырды. Келушілер санын көбірек қамту үшін шара Халыққа қызмет көрсету орталығында өтті.

Салық салу саласындағы мәселелерді түсіндіру үшін Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің ӨКП шақыру туралы ақпарат алдын ала әлеуметтік желілерде жарияланды. Қабылдауды облыстық мемлекеттік кірістер департаменті мен қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері жүргізді. Өтініштердің негізгі бөлігі тауарларға ілеспе құжаттарды рәсімдеу бөлігіндегі инновацияларға қатысты болды. Өйткені Қазақстанда іс жүзінде тауарға ілеспе құжаттың үзінді көшірмесі жойылды. Еске салсақ, тауарларға ілеспе құжат ЕАЭО елдеріне экспорт/импорт кезінде тауарлардың жекелеген түрлеріне ғана жазылады (жаңашылдық осы жылдың 10 ақпанынан бастап енгізілген). 1 сәуірден бастап ілеспе құжат акцизделетін өнімге (алкоголь өнімі, мұнай өнімдері), қадағалау механизм туралы келісім шеңберінде және ЕАЭО елдеріне экспорт, импорт кезінде қадағалауға жататын тауарларға жазылады.
Кәсіпкерлер фискалдық органның қызметшілеріне жүгінген мәселелер ҚР Қаржы министрінің бұйрығының жекелеген нормалары орындылығы тұрғысынан қайта қарауды талап етуі мүмкін екенін көрсетті.


«Егер 1 сәуірден бастап тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмесі міндетті түрде болса, бұл растау рәсімін қағаз нұсқасында алып тастауға бола ма?», – деген сауал қойылды.


Осы өтінішті айта отырып, қатысушы, ЖШС бухгалтері, егер берілген тауарға ілеспе құжаттың электрон нұсқасы жүйеде болса, онда оны неге қағаз түрінде қайталау керек екеніне назар аударды.
Мәселе орталық органдардың құзыретіне жатады, сондықтан МКД оны жоғары тұрған комитетке жібереді.
Ашық есік күніне келушілерді қабылданған түзетулер аясында төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, банкроттық рәсімі, сондай-ақ жалпыға бірдей декларациялау мәселелері қызықтырды.
Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметшілерінен сапалы кеңес алу мүмкіндігін Халыққа қызмет көрсету орталығына келушілер де пайдаланды. Мысалы, 75 жастағы Мира Майшева Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлерінен ашық күні еігіне шақыру алғанда таң қалды.
Зейнеткерді жер салығын алу мәселесі қызықтырды, бірақ оның қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасына баруға уақыты болмады. Нәтижесінде ХҚКО-да өткен шараға қатысу арқылы әйелдің бірден екі мәселесі шешілді.
«Атамекен» ҰКП сарапшыларының біліктілігі шеңберінде өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері түсіндірме жүргізілді. Олар кеден заңнамасы, техникалық реттеу, экономикалық интеграция мәселелері бойынша ақпарат алды.