Сенат бірінші оқылымда салық заңнамасына өзгерістер енгізді

23.02.2023
Сенат бірінші оқылымда салық заңнамасына өзгерістер енгізді

Сенат бірінші оқылымда салық заңнамасына өзгерістер енгізді. Жұмыскерлерінің саны 200 адамнан аспайтын, ал табысы күнтізбелік жылда 2 млрд теңгеден аспайтын кәсіпкерлер бөлшек салықты қолдана алады. Алдын ала деректерге сүйенсек, ол мынадай мөлшерлемелер бойынша төленетін болады: жеке тұлғаларға сату кезінде 4% (және мәслихаттардың шешімдері бойынша 2%-ға дейін төмендетуге болады) және заңды тұлғалармен мәмілелер үшін 8%.

Осы салықтың қолданысына жататын қызмет түрлерінің тізбесін ҚР Үкіметі айқындайды. Қазіргі уақытта Ұлттық палата оны кеңейту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.