Түркістан кәсіпкерлер палатасы кедендегі келеңсіздіктерді шешті
Түркістан кәсіпкерлер палатасына бизнесмендерден кедендік құрылым қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне көптеген өтініш келген. Бұл мәселені барынша тез арада және тиісті органдармен бірлесе отырып оң шешімін табу жолы қарастырған.
Атап өтейік, Түркістан кәсіпкерлік палатасына NURTAU distribution company ЖШС-дан Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы контрафактілік өнімнің мәселелері бойынша және де PNP Group ЖШС-дан техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды ҚР аумағына әкелу әрекеттері жолын кесуге кеден қызметіне қатысты шағымдар келіп түсті. Сондай-ақ, кәсіпкерлер Түркістан облысында контрафактілік тауарлардың, оның ішінде Gorilla энергетикалық сусынының сату әрекеттеріне қатысты мәселелерді шешуге жәрдем көрсетуді сұрайды. Себебі бұл "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" регламент талаптарына сәйкес келмейді. Осыған байланысты кәсіпкерлер шығынға ұшырап жатыр.
Бүгінде облысымызда кедендегі заңсыз әрекеттер тіркелу көптеп кездеседі. Палатаға «Фадеева»-дан ЖК «Қазығұрт» бақылау-өткізу пунктінің кеденшілері Ресей Федерациясынан келген жүктерді Өзбекстан Республикасына өткізбей жатыр деген шағым түскен. Онда кеденшілермен кәсіпкердің жүкті қайта бақылау тексерісін өткізу туралы талабы орындалмай, жүк көлігі кеден бекетінде тұрып қалғанын көрсеткен. Аталған мәселе бойынша Палатаның бірлесіп Мемлекеттік кірістер департаменті жүргізген жедел әрекетінің нәтижесінде мәселе шешілді, жүк кеден бекетінен өтті.
Бұдан бөлек, Өзбекстан Республикасына жүк тасымалдау кезінде Қазақстан Республикасының кеден саласына байланысты басқа да проблемалар бар. Олар:
- жүк тасымалдау көліктерін шекарадан кезектен тыс өткізетін "делдалдардың" қызметіне қатысты;
- кедендік бақылау бекеті жүйесінің баяу жұмыс жасау салдарынан көліктердің ұзақ уақытқа тұрып қалуы;
- ауысымның 5 сағатқа дейін созылуы;
- жүк көлігін өлшеу таразыға қатысты және тағы басқа да мәселелер
Аталған мәселелер бойынша палата жүйелі әрекеттер жасап, шешу жолдарын атқарып келеді.