2025 жылғы туристік маусым – бизнес пен туристерді не күтеді

13.02.2025
2025 жылғы туристік маусым – бизнес пен туристерді не күтеді

«Атамекен» ҰКП-да басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбековтың қатысуымен туризм саласы Комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туризм саласы Комитетінің, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, салалық кеңестердің және өңірлерден келген туристік бизнес өкілдері қатысты.

Отырыста туризм саласы Комитетінің төрағасы Юлия Якупбаева Туризм және спорт министрлігінің Қазақстанның ірі туристік қауымдастығының бастамаларын қолдауының маңыздылығын атап өтті.

«Біз салалық бірлестіктер мен аймақтық кеңестер, өнімдерді және туристік маршруттарды енгізуді жеделдету үшін жұмыс істейміз. Оған мемлекеттік органдардың қолдауы қажет. Негізгі бағыттардың бірі – спорт, ол енді біздің Комитетте болады. Спорт туристік өнімнің жақсы құрамдас бөлігі болып табылады. Олар логистиканы да, орналастыруды да қамтиды. Сонымен қатар, бұл қалалық туризмнің маңызды бағыттарының бірі», - деді Якупбаева.

ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев өз сөзінде отандық және келетін туристерді есептеу тұрғысынан салалық статистикаға көзқарастарды қайта қараудың маңыздылығын жеткізді. Осылайша, туризм саласының барлық өңірлерде түгендеу жүргізу туралы ұсынысы қолдау тапты. «Біз «Атамекеннің» өңірлердегі өкілдіктері инвентаризацяны тиімді бақылай алады деп есептейміз», - деді ол.

Комитеттің биылғы бірінші отырысында бизнес өкілдері қонақ үй секторы үшін қолданыстағы салық режимін сақтау, жеке инвесторлардың кірістерін жеке табыс салығынан босату, сондай-ақ, туризм және спорт кәсіпорындары үшін бөлшек саудада салық салу режимін сақтау қажеттілігі мәселелерін көтерді.

«364 қызмет түрінен ЭҚТЖК тек 40-ын қалдыруды жоспарлап отыр. Мұндай жағдайда бизнес-жоспарлары бөлшек салық режиміне бағытталған жүзеге асырылып жатқан жобалар қиындықтарға тап болады, нысандар қызметтердің құнын айтарлықтай көтеруге мәжбүр болады немесе тұтастай жабылады», - деді Алматы қалалық КП туризм жөніндегі кеңестің төрағасы Мақсат Қиқымов.

Сондай-ақ балалар лагерлерін дамытатын кәсіпкерлердің түйткілді мәселелері көтерілді. Балалар-жасөспірімдер туризмі қауымдастығының төрағасы Қайрат Сұлтанов оларды орналастыру орындарының тізбесі бар ЭҚТЖК-ға қосуды ұсынды. Бұл лагерьлердің құрылысына салалық қолдау шараларына өтініш беруге мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлер көтерген мәселелер Туризм және спорт министрлігінің жұмысына қабылданды. Туризм саласы Комитетінің төрағасы Юлия Якупбаева да іс-шараларға билеттерді сату платформаларымен ынтымақтастық нұсқасын әзірлеуді ұсынды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының операциялық сұрақтар жөніндегі орынбасары Айбат Қанғалиевтің айтуынша, 2025 жылғы маусымда Алакөл бағытындағы барлық теміржол бағыттары сақталады. Сонымен қатар, Павлодар – Достық бағыты бойынша тікелей вагондар бойынша іскерлік ұсыныс назарға алынды.  1 наурыздан бастап Алматы-Балқаш бағытында тіркеме вагондар жүреді.  Өткен жылы 118 жаңа вагон сатып алынды, 1 маусымға дейін Бурабай курорты бағытында 2 электр пойызы жеткізіледі.

ҰКП туризм Департаментінің директоры Дәмиля Құнанова атап өткендей, Комитет отырысында өңірлерден 20-дан астам спикер өз сұрақтары мен ұсыныстарын білдіріп, 60-қа жуық мәселе айтылды. Барлық проблемалар мемлекеттік органдармен пысықталып, бірқатар мәселелер бойынша бөлек талқылаулар жүргізіледі.