Құрметті кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұлғалар!

14.04.2023
Құрметті кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұлғалар!

«2023 жылдың басынан бастап «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасының аясында «Мен – кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту» құралы шеңберінде төмендегідей екі бағыт бойынша қызметтерді жүзеге асыратынын хабарлайды», - дейді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов.
Бірінші бағыт - Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары арқылы 18 жастан асқан кәсіпкер әйелдер мен кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерге келесі қызметтерді көрсетеміз:
1) консультациялар беру;
2) кәсіптік және бизнес оқытуды, сондай-ақ дәстүрлі қолөнер түрлеріне оқытуды ұйымдастыру;
3) менторлық қызмет;
4) қаржыландыру (краудинвестинг, инвестициялар, гранттар, лизинг) тартуға оқыту;
5) әйелдер кәсіпкерлігі өкілдерінің халықаралық жобаларға қатысуына жәрдемдесу жөнінде көрсетілетін қызметтер;
6) бизнеске шолу жүргізу қызметі;
7) «Бір ауыл – бір өнім» жобасы шеңберінде жергілікті шикізаттан жасалған өнімдерді ілгерілету және әзірлеуге қатысты қызметтер.
Екінші бағыт - «Кәсіпке бағыт» - ол шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кәсіпкерлік әлеуетті арттыру мақсатында, анықталған қажеттіліктер бойынша салалық (бейіндік) оқыту қызметі көрсетіледі.
Анықтама алу үшін Өңірлік кәсіпкерлер палаталарының мекенжайына барып және 1432, 8​ 702​ 527 31 35 телефондары арқылы ақпарат алуға болады.