Тау-кен секторын басқару жүйесін жаңғыртудың уақыты келді
Мемлекет пайдалы қазбалар қорын зерттеудің жаңа заманауи әдістеріне көшіп, геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру көлемін ұлғайтуға және ТМК-ға жеке инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдай жасауға тиіс.
Мемлекет пайдалы қазбалар қорын зерттеудің жаңа заманауи әдістеріне көшіп, геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру көлемін ұлғайтуға және ТМК-ға жеке инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдай жасауға тиіс.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында Қазақстанда ұзақ уақыт гелогия саласында жаңалықтар болмағанын, осыған байланысты тау-кен секторын басқару жүйесін жаңғырту қажеттілігі туындағанын атап өтті.
Салада жер қойнауын зерттеудің жеткіліксіздігі және геологиялық саланың дамуының әлсіз қарқынына байланысты проблемалар өте өзекті. Геологиялық сала тау-кен кешенінің негізі болғандықтан, жоғарыда аталған мәселелер бойынша шешімдердің болмауы ТМК инвестициялық тартымдылығына теріс әсер етті. Фрейзер институтының есебіне сәйкес, 2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстандағы ТМК саласының инвестициялық тартымдылығы күрт төмендеген.
Жер қойнауын осал зерттелуі себебептерінің бірі Қазақстанда заманауи тәсілдерге сәйкес келетін геологиялық барлау жұмыстарының шектеулі саны жүргізілді. Бұған қоса түсірілім нәтижесі балама түрде ұсынылған немесе қағаз тасымалдауыштардан цифрланған. Бұл жайт деректерді өңдеу мен түсіндірудің заманауи цифрлық әдістерін тиімді пайдалану мүмкіндігін күрт шектейді.
Геологиялық барлау жұмыстарын жеткіліксіз қаржыландыру геологиялық салаға және пайдалы қазбаларды толықтыру мүмкіндігіне де кері әсерін тигізді.
ҰКП мамандарының пкірінше, геологиялық саладағы проблемаларды шешу мақсатында мемлекет пайдалы қазбалар қорын зерттеудің жаңа заманауи әдістеріне көшіп, геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру көлемін ұлғайтуға және ТМК-ға жеке инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға тиіс. Бұл туралы ҚР Президенті жолдауында да айтқан болатын.
Мемлекет басшысы геологиялық-геофизикалық зерделеу алаңын 1,5-тен 2,2 млн шаршы шақырымға дейін ұлғайту бойынша нысаналы индикатор белгілеген. Сондықтан жоғарыда аталған іс-шараларды іске асыру ҚР Үкіметінің басым міндеттерінің күн тәртібіне кіруге тиіс.
Сонымен қатар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев геологиялық зерттеуді өз қаражаты есебінен жүзеге асыратын инвесторларға жер қойнауын пайдалануға басым құқықты қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ кешенді мемлекеттік сараптаманы енгізу және процесті толық цифрландыру арқылы жобаларды келісу мерзімдері мен рәсімдерін екі есеге қысқарту жөнінде тапсырма берілді.
Бұл тапсырмалар ТМК-дағы кәсіпкерлердің ағымдағы қажеттіліктеріне толығымен сәйкес келеді. Геологиялық барлау жөніндегі жобалар қымбат және жоғары тәуекелді екенін ескере отырып, геологиялық зерделеуді өз қаражаты есебінен жүзеге асыратын инвесторларға жер қойнауын пайдалануға басым құқық беру – әлеуетті тәуекелдерді теңестіреді және жаңа кен орындарын барлауды ынталандырады.
Алайда, бұл шара ұсынылған тәсілді басқа рәсімдермен үйлестіру үшін нарық қатысушыларымен қосымша пысықтауды қажет етеді.
Жобалау құжаттарын келісу мерзімдері мен рәсімдерін екі есеге қысқартуға қатысты: ҰКП атына жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды орындау жөніндегі жобалау құжаттарын қарауға байланысты өтініштер жиі келіп түседі. Кәсіпкерлер өтініштерінде құжаттарды келісудің ұзақ мерзімі, өтініш беруші жойған ескертулерді қарауды кешіктіру, ведомствоаралық үйлестірудің әлсіздігіне шағымданған.
Сондықтан жобалық құжаттарды келісу мерзімдері қысқартылған кезде уәкілетті органдардың өтініш берушімен уақтылы кері байланысын қамтамасыз ету және мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын күшейту өте маңызды.
Басқа да маңызды мәселелермен қатар, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев реттеліп сатып алуды жетілдіру және Қазақстанда отандық өнім өндірісін дамыту бойынша міндеттерді атап өтті. Атап айтқанда, ҚР Президенті реттелетін сатып алу саласында озық құралдарды енгізу және өндірістің күрделілік өлшемі бойынша қолдау шараларын бөлу қажеттігі туралы айтты.
ҰКП мамандарының пікірінше, қойылған міндеттер мемлекеттік сатып алу мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуындағы қазақстандық қамту деңгейінің өсуіне елеулі әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты ҰКП ірі жер қойнауын пайдаланушылармен бірлесе отырып, ТМК сатып алуларындағы жергілікті қамту деңгейін арттыруға, отандық өндірушілердің дамуын ынталандыруға және тау-кен-металлургия кәсіпорындарының қажеттіліктері үшін тауарлардың басым түрлерін локализациялауға бағытталған жаңа заманауи тәсілдер қарастырылуда.
Жақын арада осы бағытта алғашқы нәтижені таныстыру жоспарланған. Мемлекет басшысы атап өткендей, 2018 жылы қабылданған тау-кен секторын басқару жөніндегі жаңа заңнама толық көлемде іске аспады. Осыған байланысты ТМҚ-ны қайта өңдеу бойынша ынталандыру шаралары, сала дамуына атсалысуға, жаңа жобаларды іске асыруға отандық және жеке инвесторлар үшін салықтық жеңілдікті көздей отырып, салалық заңнаманы пысықтау қажет.
Сирек және шашыранды металдар металлургиясы өндірісін дамыту мәселелеріне ерекше назар аудару қажет. Өйткені бүгінгі таңда Қазақстанда бұл сала дамымай қалып отыр. Бұл мәселені ҚР Президенті бүкіл әлемдегі тиісті металдарға жоғары сұранысты ескере отырып, РМ/РММ саласының стратегиялық рөлі тұрғысынан да айтты.
Жер қойнауын пайдалану мәселелерінен басқа, Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелеріне айтарлықтай назар аударды. Өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелеріне не көңіл бөлінді.
Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында шетелдік және отандық инвесторларды алғашқы үш жылда салықтар мен басқа да міндетті төлемдерден босату керегін айтты.
Өңдеу өнеркәсібі саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыратын инвесторлар салық төлеуден босатылған жағдайда, саланың жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарында, соның ішінде ТМК саласында жаңа қайта өңдеу өндірістерін салу және өндірістік қуаттарды кеңейту ынталандырылатын болады деп санаймыз. Бұл шаралар ісе асырылса көмір өңдеу және көмірхимия өндірісіне де оң әсер етеді.
ҰКП мамандарының пікірінше, осыған байланысты ҚР Президентінің өңдеу саласындағы инвесторларды жақын арада салық төлеуден босату жөніндегі тапсырмасын іске асыруға жәрдемдесу қажет.