Алматы облысында арнайы комиссия субсидия алуға үміткер тауар өндіруші инфрақұрылымының сәйкестігін бағалауда
Құс фабрикалары, бордақылау алаңдары, тауарлық сүт фермалары, сою қуаты 50 бас ірі қара малдан немесе 300 бас қойдан басталатын ет өңдеуші кәсіпорындар субсидия алу үшін шарттардың бірі – инфрақұрылым сәйкестігіне арнайы комиссияның қорытындысын алу
Құс фабрикалары, бордақылау алаңдары, тауарлық сүт фермалары, сою қуаты 50 бас ірі қара малдан немесе 300 бас қойдан басталатын ет өңдеуші кәсіпорындар субсидия алу үшін шарттардың бірі – инфрақұрылым сәйкестігіне арнайы комиссияның қорытындысын алу
Аталған шара бойынша Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасында жұмыс тобы құрылып, Алматы облысы Ұйғыр ауданына қарасты «Прима Құс» ЖШС өндірісінің инфарқұрылымын тексерді. Нәтижесінде, кәсіпорын арнайы комиссияның «толық сәйкес келеді» деген шешімін алды.
Шаруашылықтарды қарап-тексеру және деректерді салыстырып-тексеру нәтижелері бойынша арнайы комиссия заңмен бекітілген шарттарға сүйенеді:
- Бордақылау алаңдары: сыйымдылығы бір мезгілде кемінде 1000 бас ірі қара малдың еркек дарағы болатын (Атырау, Қызылорда және Маңғыстау облыстары үшін – кемінде 500 бас бұқашық), ет бағытындағы ірі қара мал кәсіпорындарын технологиялық жобалаудың ұсынылған нормасына сәйкес келетін дамыған инфрақұрылымы, карантиндік алаңы; кіре берістегі дезинфекциялық тосқауылы; жануарларды күтіп-бағуға арналған қашалары; желден қорғауышы (оңтүстік облыстар үшін міндетті емес); мал азықтандыратын астаулары мен науалары; бетон/темір астаулары немесе азық беретін үстелдері (бір басқа 30 сантиметр); автономды және сумен жабдықтау көзінің жүйесі; жылытылатын автоматты суару науалары (оңтүстік облыстар үшін міндетті емес); көң сақтау орны және еріген суды жинауға арналған мүйісі; азық дайындайтын және азық тарататын техникасы /жабдығы (дән ұсатқыш/ жаныштағыш немесе құрамажем цехы, азық таратқыштар); азық сақтау орны; ветеринариялық пункт, ірі қара малға арналған электрондық таразысы бар бөлгіш және бекіткіш; сәйкестендірудің электрондық тәсілдерін есептегіші; жануарларды тиеуге және түсіруге арналған сатысы, азықтың қажетті көлемінің болуы және ірі қара малдың еркек дарақтарын астықпен бордақылауға арналған рационның сақталуы бар ірі қара малды бордақылауға арналған мамандандырылған алаң.
- Бордақылау алаңдары: сыйымдылығы бір мезгілде кемінде 5000 бас ұсақ малдың еркек дарағы болатын (Атырау, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында – кемінде 500 бас ұсақ малдың еркек дарақтары), дамыған инфрақұрылымы, өндірістік объектілердің санитариялық-эпидемиологиялық қорғаныш аймағы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес орналасқан және карантиндік алаңы; кіре берістегі дезинфекциялық тосқауылы; жануарларды күтіп-бағуға арналған қашалары; желден қорғауышы (оңтүстік облыстар үшін міндетті емес); мал азықтандыратын астаулары мен науалары; бетон/темір астаулары немесе азық беретін үстелдері (бір басқа 10 сантиметр); автономды және сумен жабдықтау көзінің жүйесі; жылытылатын автоматты суару науалары (оңтүстік облыстар үшін міндетті емес); азық дайындайтын және азық тарататын техникасы /жабдығы (дән ұсатқыш/ жаныштағыш немесе құрамажем цехы, азық таратқыштар); азық сақтау орны; ветеринариялық пункт, ұсақ малға арналған электрондық таразысы бар бөлгіш және бекіткіш; жануарларды тиеуге және түсіруге арналған сатысы, азықтың қажетті көлемінің болуы қажетті азық көлемі бар ұсақ малды бордақылауға арналған мамандандырылған алаң.
- Сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал/ тәулігіне кемінде 300 бас қой болатын ет өңдеуші кәсіпорындар: мал союға арналған автоматтандырылған технологиялық желісі, етті сақтайтын тоңазытқыш камералары, етті сүйегінен ажырату және бөлшектеу цехы, дайын өнімді буып-түю цехы, дайын өнімді сақтауға арналған тоңазытқыш камералары, тыныс-тіршілік жүйесінің инфрақұрылымы және жабдықтары, ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы бар кәсіпорын.
- Ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорын, онда жобалық қуаты тәулігіне кемінде 1500 бас ірі қара малды соятын және етін сүйектен ажырататын өзінің жабдығы, сойылған ірі қара малдың қалдықтарын кәдеге жарататын өз жүйесі бар, халықаралық сапа стандартына (халықаралық аудитпен расталған) сәйкес келеді.
- Бағымдағы сиыр басы 600 бастан басталатын шаруашылықтар: пайдалануға берілген немесе тиісті инфрақұрылыммен жаңғыртудан өткен тауарлық сүт фермасы, оның сиырларды байламай күтіп-бағуға арналған қора-жайы, автоматтандырылған сауу қондырғысы (карусель, шырша, параллель, тандем, роботталған машина) бар сауу залы, азық тарату және суару, азықтық цехтары, ветеринариялық пункті, азық дайындау үшін жер алқаптары (өздігінен дайындаған жағдайда) бар.
- Бағымдағы сиыр басы 400 бастан басталатын шаруашылықтар: пайдалануға берілген немесе тиісті инфрақұрылыммен жаңғыртудан өткен тауарлық сүт фермасы, оның сиырларды күтіп-бағуға арналған қора-жайы, тасымалданатын сауу қондырғыларын қоса алғанда, автоматтандырылған немесе машинамен саууға арналған жабдығы, азық тарату және суару, азықтық цехтары, ветеринариялық пункті бар.
- Бағымдағы сиыр басы 50 бастан басталатын шаруашылық тауарлық сүт фермасы, оның сиырларды күтіп-бағуға арналған қора-жайы, тасымалданатын сауу қондырғыларын қоса алғанда, машинамен саууға арналған жабдығы, ветеринариялық препараттарды сақтау орны, малға арналған бекіткіші бар.
- Етті құс фабрикасы жылына 500 тонна құс етінің нақты өндірісі, жаңадан салынған немесе технологиялық жабдығы бойынша жаңғыртудан өткен (құстарды күтіп-бағуға арналған жабдық, азықтандырудың, сумен жабдықтаудың, желдетудің автоматтандырылған жүйесі, құс сою желісі (сою цехы)), санамаланған сертификаттардың (ИСО, ХАССП азық-түлік қауіпсіздігі жүйесі) бірінің болуы.
- Суда жүзетін құс етін өндірумен айналысатын құс фабрикасы, онда құстарды күтіп-бағуға арналған қора-жай, союға арналған жабдық бар.
- Жұмыртқалы құс фабрикасы жылына 20 миллион данадан бастап нақты өндіріс, жаңадан салынған немесе технологиялық жабдық бойынша жаңғыртудан өткен (құстарды күтіп-бағуға арналған жабдық, азықтандырудың, сумен жабдықтаудың, желдетудің автоматтандырылған жүйесі, жұмыртқаларды сортқа бөлуге арналған автоматтандырылған машина), санамаланған сертификаттардың (ИСО, ХАССП азық-түлік қауіпсіздігі жүйесі) бірінің болуы.
