Астанада тәлімгерлік мектебі 5 жыл ішінде 400-ге жуық тәлімгер шығарды

13.07.2023
Астанада тәлімгерлік мектебі 5 жыл ішінде 400-ге жуық тәлімгер шығарды

Елордалық кәсіпкерлер палатасында тәлімгерлік мектебі аясында кезекті екі күндік тәлімгерлерді оқыту аяқталды.

Елордалық кәсіпкерлер палатасында тәлімгерлік мектебі аясында кезекті екі күндік тәлімгерлерді оқыту аяқталды.

Тәлімгер сертификаты және жаңа қызметкерлерді оқыту құқығын тағы 26 маман алды. Олар медицина саласы, әлеуметтік жұмыстар, қаланы санитариялық тазарту және тазалаумен айналысатын кәсіпорындар, сондай-ақ қоғамдық тамақтану саласында жұмыс істейді.

«Біз оқуға бүкіл командамен келдік: мен және тағы 7 аға медбике. Басшы ретінде мен оларды әдейі шақырдым, өйткені олардың әрқайсысы өз орнында тәлімгерлер ретінде қызмет етеді, қызметкерлерді оқытады. Енді бізде процесс туралы жалпы түсінік бар. Мен тәлімгерлікті қазіргі заманда өте өзекті деп санаймын. Онсыз болмайды, өйткені біз тәлімсіз кешегі студенттен толыққанды қызметкер ала алмаймыз, әсіресе өндірісте. Ол өзі үйренгенше, көптеген қателік жіберуі мүмкін, ал кәсіпорын осы маманнан көп шығынға ұшырайды, оның тәлімгермен жұмыс істегенінен гөрі», – деп бөлісті №1 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасының аға медбикесі Әлия Акубасова.

Сондай-ақ, аға медбике оқу барысында дуальді оқыту аясында тек медициналық мамандарды ғана емес, сонымен қатар техникалық мамандарды да дайындауға болатынын атап өтті. Мысалы,  кір жуушы, асхана жұмысшысы, аспаз, сантехник – аурухана ішіндегі техникалық жұмысты қамтамасыз ететін мамандардың барлығы.

«Келесі курсқа мен кір жуу менеджерін, азық-түлік бөлімінің меңгерушісін және инженерді жіберуді жоспарлап отырмын. Олар да тәлімгерлік саласында білім алатын болады. Бұл біздің ұжымда жұмыс барысын жақсартуға көмектесетініне сенімдімін», – деді ол.

Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев мектептің Кәсіпкерлер палатасы аясында 2018 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын айтты. Осы уақыт ішінде 396 тәлімгер оқытылды.

«Біз елордалық палата бастамасының осындай жалғасын тауып жатқанына қуаныштымыз және осы бес жыл ішінде қала кәсіпорындары тарапынан қызығушылық деңгейі тек қана арта түскенін атап айтқым келеді», – деді ол.

Тәлімгерлік мектебін ұйымдастырудың мақсаты – кәсіпорындардың кадрлық саясатының маңызды элементі ретінде тәлімгерлік институтын қалыптастыру. Өндірістегі тәлімгерлер бірқатар ұйымдастырушылық міндеттерді шешуге көмектеседі, соның ішінде жаңа қызметкерлерді бейімдеу және оқыту, кадрлардың тұрақтамауын азайту, қызметкерлердің әлеуетін дамыту», – деді Бейсен Жолболдиев.

Тренингті «Атамекен» ҚР ҰКП Германияның Триер қаласындағы Қолөнер палатасымен бірлескен жобасы аясында білім алған мультипликатор-тренер Ләззат Шонаева жүргізді.

Тренинг соңында барлық тыңдаушы тәлімгер сертификатына ие болды