Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамытуға қолдау күшейтіле түсті

27.09.2024
Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамытуға қолдау күшейтіле түсті

Түркістанда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында «Бірыңғай есеп беру күні» іс-шарасы өткізілді. Оған облыс әкімдігі, прокуратура, Экономикалық тергеп тексеру, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының басшылық құрамы мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар және қаржылық ұйым басшылары, 100-ден аса бизнес өкілдері қатысты. Маңызды жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров кәсіпкерлікті дамыту өңірдегі басым бағыттардың бірі екеніне тоқталды.

Түркістан облыстық прокуратурасының Қоғамдық мүддені қорғау басқармасының басшысы Болат Жұмағалиев кәсіпкерлікті қорғау – прокуратураның қадағалау қызметінің басым бағыты екендігін атап өтіп, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөнінде атқарылған жұмыстарды баяндады.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов бизнесті және инвестицияны қолдау бойынша атқарылған жұмыстарды саралап, инвестициялық мүмкіндіктер туралы кеңінен айтып берсе, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Зухра Амирова да кәсіпкерлікті қолдау жөнінде атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Сонымен қатар Полиция департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, Облыстық санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері бизнесті қолдау және қорғау жөнінде баяндамалар жасап, өзекті мәселелерді ортаға салды. Басқосуда бизнес өкілдері өз өтініштері мен ұсыныстарын айтып, қордаланған мәселелерді шешу бойынша облыс әкімдігі мен құқық қорғау органдарымен бірлескен хаттама түзілді