Назар аударамыз – конкурс!

26.05.2025
Назар аударамыз – конкурс!

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы «Кәсіби маман» республикалық конкурсының іріктеу, өңірлік кезеңін өткізетіндігін хабарлайды.

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы «Кәсіби маман» республикалық конкурсының іріктеу, өңірлік кезеңін өткізетіндігін хабарлайды. Конкурс үш номинация бойынша өткізіледі: 
1) «Үздік кәсіпорын – кадрлар даярлауға қатысушы»;
2) «Жұмысшы кадрларды даярлау жөніндегі үздік колледж»;
3) «Өндірістегі үздік тәлімгер».
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер aktau@atameken.kz эл. поштасы бойынша 09.06.2025 ж. сағат 00:00 дейін архивтелген бір папка түрінде қабылданады. Хат тақырыбында номинация атауы көрсетілуі міндетті. Ілеспе хат еркін түрде жазылады. Өтінімдерді қарау және екінші кезеңге қатысу үшін жеңімпаздарды іріктеу – маусым айының соңына дейін.
Конкурс туралы толығырақ – бейнетаныстырылымда.
Анықтама үшін: 8/7292/30-40-40/ішкі 4725