Кәсіпкерлер мен іскерлік бастамасы бар тұрғындар назарына
Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасының аясында «Мен – кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту» құралы шеңберінде төмендегідей екі бағыт бойынша қызмет көрсететінін естеріңізге саламыз: Бірінші…
Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасының аясында «Мен – кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту» құралы шеңберінде төмендегідей екі бағыт бойынша қызмет көрсететінін естеріңізге саламыз:
Бірінші бағыт. Шымкент қаласындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары арқылы 18 жастан асқан кәсіпкер әйелдер немесе кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерге мынадай қызметтер көрсетеміз:
1) кеңес беру;
2) кәсіптік және бизнес оқыту, сондай-ақ, дәстүрлі қолөнер түрлеріне оқытуды ұйымдастыру (Қазақстанның қолөнершілер одағының ұсыныстары бойынша;
3) менторлық қызмет;
4) қаржыландыру (краудинвестинг, инвестициялар, гранттар, лизинг) жұмылдыруға оқыту;
5) әйел кәсіпкерлердің халықаралық жобаларға қатысуына көмектесу бойынша көрсетілетін қызметтер;
6) бизнеске шолу жүргізу қызметі;
7) «Бір ауыл – бір өнім» жобасы шеңберінде жергілікті шикізаттан жасалған өнімдерді ілгерілету және әзірлеуге қатысты қызметтер.
Екінші бағыт. «Кәсіпке бағыт» – ол шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кәсіпкерлік әлеуетті арттыру мақсатында, анықталған қажеттіліктер бойынша салалық (бейіндік) оқыту қызметі көрсетіледі.
Толығырақ мәлімет және кеңес алу үшін Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасына келуге болады: Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесі, 304 Г, «Заңғар» бизнес орталығы, 1-қабат.
Байланыс нөмірлері: 8 705 280 22 19 (Нұрбол Төребек), 8 778 701 55 08 (Майра Балсүгірова).