В области Ұлытау прошел форум аграриев и сельских предпринимателей
Ұлытау облысында Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай форум өтті.
Ұлытау облысында Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай форум өтті.
Шара барысында агроөнеркәсіптік кешені мен ауыл шаруашылығы саласының 70-ке жуық өкілі жеткен жетістіктерді, проблемаларды талқылап, пікір алмасты.
Өңіріміздегі Ұлытау облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, «Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, тарапынан бірнеше ауылшаруашылық кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарына үлкен көмек көрсетуде.
Облыс әкімі Дастан Рыспеков айтулы күннің майталмандарын құттықтап, биылғы жылы өнім көлемінің артқанына ризашылығын білдірді. Биыл облыс диқандары 25 мың тоннаға жуық астық жинады. Ауыл шаруашылығы саласын субсидиялауға облыстық бюджеттен 4 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген.
Сондай-ақ жиын барысында бірқатар жерлестеріміз «Құрмет» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медальдарымен, Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек Ардагері» медальдарымен, министір және облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды, облыс әкімінің, «Ауыл» партиясының Алғыс хаттарымен мараппаталды.