Қостанайда су тасқыны салдарынан бизнеске келтірілген залалды өтеу мәселесі талқыланды
Қостанай облысына «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков пен ҚР ҰЭМ кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры Нұрбол Жаңабеков келіп, су тасқыны салдарынан бизнеске келтірілген мүліктік шығындарды өтеу…
Қостанай облысына «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков пен ҚР ҰЭМ кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры Нұрбол Жаңабеков келіп, су тасқыны салдарынан бизнеске келтірілген мүліктік шығындарды өтеу жөніндегі өңірлік комиссияның жұмысына қатысты.
Жиында облыс әкімінің орынбасары Арман Әбенов су тасқыны салдарынан бизнеске келтірілген залалдың алдын ала сомасы 2,7 млрд. теңгеден асқанын мәлімдеді. Бүгінде мүлікке келтірілген залалды тексеру және бағалау жұмыстары жүргізілуде.
Тимур Нақыпбеков басты мақсат – жағдайды зерттеп, консультациялық көмек көрсетіп, бизнеске келтірген залалды өтеу ережелеріне кәсіпкерлерден ұсыныстар жинау екендігін жеткізді.
Өңірлік комиссияның хатшысы Талғат Саламатов кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындарды өтеу қағидаларын қолдану бойынша бизнес пен аудандық комиссияларда туындайтын негізгі мәселелерді айтты.
Ал, Нұрбол Жаңабеков өңірдегі ТЖ режимі жарияланбаған аудандарда зардап шеккен кәсіпкерлік нысандардың шығындары өтелетінін хабарлады.
Делегаттар су тасқынынан зардап шеккен бизнес өкілдерімен кездесіп, «Золотой фазан» қонақ үйі, «Мохито» және «Венеция» демалыс орындарына арнайы барды.
Сапар соңында Тимур Нақыпбеков аталмыш жағдайлар бойынша кәсіпкерлермен тікелей байланыста болатынын жеткізді.