Павлодарда шаруалар үшін мал тапсырудың тиімді шарттары талқыланады

16.05.2023
Павлодарда шаруалар үшін мал тапсырудың тиімді шарттары талқыланады

"BEEF EXPORT GROUP" компаниясы еліміздің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін конференцияға шақырады.

"BEEF EXPORT GROUP" компаниясы еліміздің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін конференцияға шақырады.
​Іс-шара Павлодар қаласында 17 мамырда сағат 11.00-де "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасында: 3 қабатта, 316 кабинетте өтеді.

"Кездесуде біз мынадай мәселелерді қарастырамыз: субсидиялар беруге арналған мал санаттары, мал тапсыру кезінде қолайлы жағдайлар және сіздің компанияңызбен жұмыс істеудің артықшылықтары", - деп атап өтті Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасында.

Барлық ниет білдірушілерді конференцияға қатысуға шақырамыз.