Кәсіпкерлер тәулік ішінде залалды өтеуге 200-ден аса өтініш берді
«Атамекен» ҰКП деректеріне сәйкес, 2022 жылғы 26 қаңтардағы сағат 16:00-дегі жағдай бойынша кәсіпкерлер жаппай тәртіпсіздіктерден келтірілген залалды өтеуге 203 жаңа өтініш жіберген. InfoKazakhstan.kz сайтында осы уақытқа дейін 673 өтініш жүктелді.

Берілген өтінімдердің 261-іне электронды цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойылған. Оның 91%-ы (237 өтінім) Алматы кәсіпкерлеріне, қалған 9%-ы Шымкент қаласы, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облысына тиесілі.
Өтеу түріне қарай 240 өтініш жеңілдетілген механизм бойынша, қалғаны сот сараптамасының қорытындысы негізінде қаралады.
261 өтінімнің 68%-ы тауар-материалдық құндылықтардың залалын көрсетіп толтырылған, 13%-ы жылжымайтын мүлік, 3%-ы жылжымалы мүлікке қатысты берілген. Ал өтініштердің 16%-ында залалдың түрі көрсетілмеген.
Айта кетейік, залалды өтеуге өтінішті InfoKazakhstan.kz сайтында қалдыруға болады. Ол үшін сайттың «Маңызды ақпарат» бөліміне өтіп, егжей-тегжей нұсқаулықпен және қажетті құжаттар тізімімен танысуға болады.
Залалды өтеу туралы өтініштерді Өңірлік комиссиялар күнтізбелік 5 күн ішінде қарайды. Мақұлданған жағдайда ұсынылған мәліметтер мен құжаттар негізінде Өңірлік комиссия айқындайтын мөлшерде қаражат бөлу туралы шешім шығарылады.