Бизнесті негізсіз қылмыстық қудалаудан қорғау
Alikhan Bokeikhan University ғимаратында «Бизнесті негізсіз қылмыстық қудалаудан қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Alikhan Bokeikhan University ғимаратында «Бизнесті негізсіз қылмыстық қудалаудан қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны Абай облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті және ABU заң факультетінің қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы ұйымдастырды.
Іс-шараға Абай облысының кәсіпкерлер палатасының өкілдері, құқықтанушы ғалымдар, Alikhan Bokeikhan University заң факультетінің профессор-оқытушылар құрамы, құқық қорғау органдары мен кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері қатысты.
Кеңесте ҚР ҚК 8 және 9-тарауларында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық қудалауды жүзеге асыру ерекшеліктері, сондай-ақ адал бизнесті қорғау жөніндегі қаржы мониторингі агенттігі қабылдайтын шаралар қаралды.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қарар қабылданып, іс-шараға қатысушылардың ұсынымдары енгізілді.