Защита прав бизнеса
Бүгінгі таңда бизнес құқықтарын қорғау барлық мемлекеттік органдардың алдында тұрған басты міндеттердің бірі болып отырғаны өздеріңізге белгілі.
Бүгінгі таңда бизнес құқықтарын қорғау барлық мемлекеттік органдардың алдында тұрған басты міндеттердің бірі болып отырғаны өздеріңізге белгілі.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шаралардың толық кешенін әзірлеу мақсатында бизнеспен тығыз байланыс орнату және кәсіпкерлік саласындағы проблемалық мәселелерді зерделеу қажет.
Осыған байланысты, Қаражал қалалық прокуратурасында қала кәсіпкерлерімен кездесу өтті. Онда кәсіпкерлерден келіп түскен бірқатар мәселелер тыңдалып қаралды, сондай-ақ Қаражал қаласының аумағында кәсіпкерлікті қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдап жатқан шаралар туралы «Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің басшысы Марат Сатанов баяндады. Сонымен бірге кәсіпкерлік саласындағы жаңашылқытар туралы "Атамекен" ҰКП Ұлытау облысы филиалының директоры Ерсин Нүркен айтты.