Қарағанды облысының кәсіпкерлеріне BusinessGO мүмкіндіктері таныстырылды
Қарағанды облысының 100-ден астам кәсіпкері BusinessGO цифрлық платформасының мүмкіндіктеріне арналған семинарға қатысты. Іс-шара бүгін Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасында өтті.
Қатысушыларға BusinessGO – бизнестің күнделікті жұмысына қажетті құралдарды бір кабинетке біріктіретін бірыңғай цифрлық экожүйе таныстырылды.
Платформада онлайн-касса, тауар есебі, клиенттермен жұмыс істеу және маркетинг құралдары, QR-мәзір және басқа да цифрлық сервистер қамтылған. BusinessGO өкілінің айтуынша, жоба 2026 жылғы 15 маусымда іске қосылған. Қазіргі таңда платформаны Қазақстан бойынша 20 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі пайдаланады.
«Бизнеске әртүрлі жүйелер арасында ауысып, көптеген логин мен парольді есте сақтап, әр сервис үшін бөлек төлем жасаудың қажеті жоқ. BusinessGO бір кабинет арқылы жұмыс істеуге және бірыңғай техникалық қолдау қызметін пайдалануға мүмкіндік береді», – деді спикер.
Семинар барысында кәсіпкерлерге қолжетімді сервистер туралы толық ақпарат берілді. Тегін құралдардың қатарында фискалдық деректер операторымен жұмыс істеуге, сауда алаңдарын цифрландыруға, өнім беруші паспортын алуға және акциздік маркалардың түпнұсқалығын тексеруге арналған шешімдер бар.
Сондай-ақ қатысушыларға ақылы пакет таныстырылды. Оның құрамына онлайн-касса, тауар есебі жүйесі, маркетинг құралы және кафе мен мейрамханаларға арналған QR-мәзір кіреді. Пакеттің құны – 12 айға 15 мың теңге. Кәсіпкер өзіне қажетті сервистерді таңдай алады.
Кездесу барысында бірыңғай платформаны пайдалану жеке сервистер мен төлемдер санын қысқартуға мүмкіндік беретіні айтылды. Презентацияда келтірілген есеп бойынша, бизнестің ұқсас шешімдерге жұмсайтын шығыны айына шамамен 77 мың теңгені құрауы мүмкін, ал BusinessGO пакетінің құны жылына 15 мың теңге.
Семинардың маңызды бөлігі сұрақ-жауап форматында өтті. Кәсіпкерлер платформаны қосу тәртібі, жекелеген сервистердің жұмысы және BusinessGO-ны бизнестің әртүрлі бағыттарында пайдалану мүмкіндіктері туралы сұрақтарын қойды.
BusinessGO платформасына қосылуға Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары арқылы өтінім беруге болады. Тіркелу және тегін функцияларға қол жеткізу ақысыз. Қажет болған жағдайда кәсіпкер ақылы сервистерді кейін қоса алады.
Қарағанды облысының кәсіпкерлері консультация алу үшін:
Айнұр Оспанғалиевна: +7 700 627 0676
Сәуле Қапановна: +7 701 625 4177
Гүлымхан Сейітовна: +7 701 361 4652
Бірыңғай Call-орталық: 1432.
BusinessGO Қазақстанның барлық өңіріндегі кәсіпкерлерге қолжетімді. Платформаға қосылу онлайн жүзеге асырылады.